400;»>– Әдеби агент болуы үшін шет елдерден үйренетініміз көп әлі. Біз оны қазір үйрене алмайтын сияқтымыз. Өйткені ол саланың майын ішкен, соны жетілдіре алатын мамандар керек. Құр пайда табамын деген «жолбикелер» бұған жарамайды.
Ол тынбай еңбек етуді талап етеді. Мәселен, менің әдеби агентім бар делік. Ол әуелі мықты баспамен келісім-шартқа отырады. Яғни, кітабымды алдын ала сатады. Бүгінгі әдеби агент оны жасай ала ма? Жоқ. Өнім бар, бірақ соны кім сатып алады? Жаңа шығарма жазсам, оны тегін алғысы келетіндер көп. Соңғы рет шығарған бір кітабыма 168 мың теңге қаламақы алдым. Жылағым келеді.
– Аукционға қатысқан шығарма сатылған соң, автордың құқығы жоғалмай ма?
– Аукционда шығарма қанша ақшаға бағаланады? Сол ақша авторға беріледі. Шығарманың одан кейінгі тағдырын жазушы шешпейді. Біздің баспаларда қандай тенденция қалыптасқан? Тендерге қатысады. Ол тендер жыл бітіп жатқан кезде баспаға беріледі. Сосын баспа апай-топай шығарады да, оның мағынасына, мазмұнына мән беріп жатпайды.
Бастысы, мемлекеттен бөлінген қаржыны ақтаса болғаны. Меніңше, мемлекеттік сатып алу жүйесін қайта қарау қажет секілді. Оны дұрыс көзқараспен қалыптастырмай, көркем әдебиеттің хал-ахуалы жақсармайды.
– Осыдан үш жыл бұрын Лондонда кітабыңыз шықты. Лондонда пьесаңыз қойылды. Одан қаншалықты пайда таба алдыңыз?
– Көп пайда таптым деп айта алмаймын. Тіпті пайда таба алмайсың. Азын-аулақ бірдеңе түседі. Ол үшін әдеби агентіңнің өзінде қор болуы керек. Сонда ғана барып ол сенің кітабыңды тарату ісімен айналысады. Ақшаны ақша табады.
Кітабың шықты делік, оны саудаға шығару ісі мүлдем бөлек. Оны келісім-шарт бойынша жасайды. Ақшасының қайтарымы болмаса, әдеби агент жұмыс істемейді. Шындығын айтқанда, сол кітаптың қанша таралыммен шыққанын да білмеймін. Нарыққа шықты ма, жоқ па, ол жағы беймағлұм. Ағылшындар не істейді? Ол өз кітабының қайда, қанша таралыммен шыққанынан хабардар болып отырады. Бізде оның қалыптасқан механизмі жоқ. Сондықтан, кітаптан да, спектакльден де хабарсызбын. Әзірге «сабыр сақтаңыз» деген алдамшы үмітпен өмір сүріп жатырмыз.
– «Ішкі мәдениеті қалыптаспаған» көпшілікке арнап, «Мәдениет» журналын шығару қиын емес пе?
– «Мәдениетті» шығаруға үйреніп алдық. Өзіміздің қалыптасқан авторларымыз бар. Бұрын азын-аулақ ақша төлеп отырушы едік. Қазір ол да жоқ. Қаламақы тоқтап қалғаны қиын боп қалды. Авторларды тегін ұстап отыра алмаймыз. Дегенмен, журналда айына екі немесе үш жақсы мақала шықса, оқырманды тәрбиелеуге соның өзі зор мүмкіндік.
– Мәдениет демекші, соңғы кездері Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты дау-дамай көбейіп кетті. Мәдениет министріне сөз еруі қаншалықты дұрыс?
– Жалпы, мәдениет министрлігі болғалы бері дау-дамайдан аулақ болған емес. Тіпті кеңестік кезеңнің өзінде