ДУЛАТ ИСАБЕКОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ: ТӨРТІНШІ КУРСТАН ТАНЫМАЛ БОЛДЫМ

драматургтің екінші пьесасын қоюға дайындалып жатыр. 10-16 желтоқсанда онда үлкен премьера болмақ. «Бөрте» спектаклінің атын өзгертіп, «Бөрте – әлемнің патшайымы» деген атпен қойғалы отыр.

– Біз үшін өзіміз білім алған, әдебиетке ден қойған қара шаңырақ ҚазҰУ-дың жөні бөлек. Бұрын кездесулерге жиі шақырып тұрушы еді. Студенттермен кездескенде әдебиетке өте құмар қыз-жігіттерді көретінмін. Солардың көбі бүгінде журналистикада, әдебиетте өз орнын тапты. Проза, поэзияда өз қолтаңбалары бар. Кейінгі жылдары Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында студенттерге сабақ беремін. Сонда студенттерге оқыған дәрісімнің негізінде «Театр және кино әлемі» деген оқулық жаздым. Қанша дегенмен 28 пьесаның авторымын. Қатып қалған терминдердің көбін қайта жасадым. Өйткені біздегі оқулықтардың көбі аударма. Балалар білу үшін театр тарихынан көне Грекиядан бастап, шағын-шағын етіп жазып шықтым.

Жалпы, театр туралы көп мағлұматты осы оқулықтан білуге болады. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», – деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай, әрқашан да ерінбей еңбек ету керек. Мен студенттерімді солай тәрбиелеп жатырмын. Ұстазым Темірғали Нұртазин «Әй, сендер осы кейде бос жүретін сияқтысыңдар. Кітап оқуға да жалқауланып, ұйықтап жатады екенсіңдер. Ешқандай жұмыстарың жоқ болса, қалталарыңдағы орамалды жыртып, соны қайтадан қиюын келістіріп тігіңдер» дейтін. Бұл жұмыссыз отырмаңдар дегені ғой. Жастарға айтарым – қазіргі заман инсентивті заман. Бір күнің жоғалса, бір жылың жоғалғандай болады. Көктемде дер кезінде егіс еге алмай қалған адам аш қалады. Сол үшін әрбір күнді бағалаңдар. Қыруар еңбек жазған, ауруға шалдығып, алпыс жасында қайтыс болған Ф.Достоевский өлерінің алдында «Құдай, маған алты күн өмір бер, жазған шығармаларымның барлығын бір қарап өтейін» деп тілеген екен. Уақытты бағалау деген – міне, осы.

Біз де біраз уақытымызды босқа жіберіппіз. Барға көбірек барыппыз. Қыдырыппыз. Әнеукүні Төлен (Әбдіков) досымның тойында «Әй, Төке, қарап тұрсақ, сол заманда ең көп оқыған, ең көп қыдырған, ең көп жазған біз екенбіз. Қалай уақыт таптық, ә?» дедім. Ол кезде қонақта отырғанда «жазып жатқан шығармам күтіп қалды» деп үйге асығушы едік. Шығарма деген – қазанда қайнап тұрған ыстық ас сияқты. Ыстық асты сол кезде жеу керек, суый бастағанда дәмі өзгереді. Шығармашылық та солай. «Ертең жазам, бүрсігүні жазам» дегенде идеяң суып қалады. Араға басқа идеялар кіріп кетеді. Идея келген бетте шап беріп ұстап алып, не болса да, бітіріп шығу керек. Өзім барынша солай етуге тырыстым.

Аристофанның «Талант аспаннан келеді» дейтіні бар. Аспаннан келіп жатса жақсы, бірақ «аспаннан келеді екен» деп сеніп отыра беруге болмайды. Оған еңбек, оқу-білім қосылу керек. Біздің жазушыларымыздың басым бөлігі көп кітап оқымаған. Әсіресе драматургтер. Драматургияның теориясын, ұңғыл-шұңғылын білмейді. Бір шай ішкенін үш-төрт бетке жазады. Шетел оны қайтеді? Оқымайды. Ықшамдық

Pages: 1 2 3 4