ДУЛАТ ИСАБЕКОВ, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері: ӘЛЕМ ХАЛЫҚТЫ ТЕАТР МЕН КИНО АРҚЫЛЫ ТАНЫҒАНДЫ ҚАЛАЙДЫ

деңгейі жетпейді. Сондықтан, адамдардың бәрі – жалғыз.

АЛҒАШҚЫ ШЫҒАРМАМДЫ ОҚЫҒАН КЕЗДІ ОЙЛАСАМ, ӘЛІ ЫҢҒАЙСЫЗ СЕЗІНЕМ 

– Сіз бала күніңізден сезінгендеріңізді, көргеніңіз бен түйгеніңізді бүгін көркем шығармаңызға арқау етіп отырсыз. Демек, жалғыздық – сіздің бала күннен жан серігіңіз. Ал осы жалғыздықтан арылғанда сіз жазушы бола алар ма едіңіз?

– Кім біледі. Максим Горький «суреткерді жоқшылық қалыптастырады» деген ғой. Егер мен колхоз бастығының баласы болып, не ішем, не кием демей, үлде мен бүлдеге оранып өссем, қызық қуып кетер ме едім. Қалтамда ақшам толы болып, ат мініп, бертінде қымбат көлік мініп, шалқып жүрсем, терең ойлармен дос бола алар ма едім?..

Барлық ұлы суретшілер, ұлы шығарма иелері, ақындар, философтар негізінен жоқшылықта өскендер екен. Әрине, о баста жазушылық адамның генетикалық негізінде болса ғана, үлкен оқу оқымай-ақ жазушы болуы мүмкін. Бірақ, Абай тәрізді бар жерден шығып, ой қуғандар өте аз.

– Ақынжазушы, тіпті журналистердің көбі «бала күнімнен қолыма қалам алғанмын» деп жатады. Сіздің алғашқы көркем шығармаңыз есіңізде ме?…

– Университеттің үшінші курсында оқып жүргенімде көркем шығармалар оқып, қызығып жүріп, соның әсерімен «Мақташылар» деген әңгіме жазғаным бар. Сөйтіп, ұялмай Жазу­шылар одағына келіп, шығармамды оқуға оқталдым. Қасымда марқұм Марат Отарәлиев бар еді. Ол өзі университетке келгенде-ақ төселіп қалған ақын болатын, «Қалампыр» деген кітабы да шығып қойған еді. Біз Жазушылар одағына келгенде Әбіш Кекілбаев, Жұмекен Нәжімеденов, Мағзұм Сүндетов бар екен. Ол уақытта Кекілбаев «Қазақ әдебиетінде» жаңадан қызмет ете бастаған. Жұмекен Нәжімеденов пен Мағзұм Сүндетов баспада істейді. Соларды жинап алып, қазіргі Жазушылар одағының кіре берісінің сол жағындағы тепкішектің астыңғы жағында түрегеп тұрып шығармаларымызды оқи бастадық.

Бір кезде кезек маған келді. Ортаға шықтым да, жазған әңгімемді оқып кеп бердім. Сол оқиға ойыма түссе, әлі арқам жыбырлап, біртүрлі ыңғайсыз сезініп кетем. Сонда менің алғашқы әңгімемді ана кісілер шыдамы жетіп, соңына дейін тыңдады. Ұзақ әңгіме еді, ақыры біттім-ау. Бірақ, әлгілер мақтайтын ештеңе таппады. Бес гек­тар маңдайын сипап қойып Әбіш тұр. «Тәуір нәсте екен, тәуір нәсте екен» деп Мағзұм Сүндетов тұр. «Нәрсе» дегенді ол өзі «нәсте» дейтін. Жұмекен болса қалтасынан қайта-қайта «Бе­ломорканалын» шығарып, қиғашынан тұрып алып, бірінен соң бірін шегеді… Ешқайсысы үндемейді. Бір кезде ыңғайсызданды ғой деймін, Әбіш: «Дегенмен, оңтүстіктің лебі есіп тұр екен. Оңтүстікке барып, мақтасының ішін аралап қайтқандай болдым. Сондағы адамдармен сөйлескендей әсерлендім… Дегенмен, тіл бар, ә?» деді асықпай сөйлеп. Сол-ақ екен, Мағзұм да: «Иә, иә, тіл бар, тіл бар» дей берді. Жұмекен болса, үнсіз біраз тұрды да: «Көп оқу керек қой деймін» деді. Тоқ етері: «Жаз, жазуыңды

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8