ДУЛАТ ИСАБЕКОВ, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері: ӘЛЕМ ХАЛЫҚТЫ ТЕАТР МЕН КИНО АРҚЫЛЫ ТАНЫҒАНДЫ ҚАЛАЙДЫ

тас-тама, бірақ мына әңгімеңді еш жерде жариялай алмаймыз, әлі де оқы, ізден» деген байламға келді. «Көп оқып, ізден» деген сөзді көкейіме түйіп қайттым.

Сол жолы жердің үстімен барып, астымен қайтқандай болған едім. Бірақ, жатақханаға келгеннен кейін әлгі достарым: «Сен мойыма, жаза бер. Ана кісілер айтқандай бәріміз көп оқиық», – деп, мені демеумен болды. Содан бастап, кімді оқу керек, нені оқу керек, тізімін жазып, ізденуге көштік.

Шетел авторларына көбірек зер салдық. Сөйтсек, біздің білетініміз, бастауыш мектептің хрестомати­ясы ғана екен. Нағыз оқылуға тиіс нәрселер бізге оқытылмаған екен ғой. Содан бастап әдебиетке кірдік те кеттік. Адам көп оқыған сайын өзінің аз білетінін сезіне түседі екен.

ДРАМАТУРГИЯҒА ҚАЛАЙ БҰРЫЛЫП КЕТЕ БЕРЕТІНІМДІ ӨЗІМ ДЕ БАЙҚАМАЙ ҚАЛЫП ЖҮРМІН 

– Қоғамдық құрылымдар өзгеріп, әркім өз арбасын өзі сүйреуі ке­рек болғанда, бұрын кеңестік үкіметке еркелеп, арқа сүйеп қалған қаламгерлердің көпшілігі жаза ал­май қалды. Ал сіз драмаға ауысып кеттіңіз. Неге?

– Өйткені, қазіргі кезеңде драматур­гия – мен үшін ең тиімді жанр.

– Қай жағынан?

– Қоғамның проблемасын айтайын деп, сен роман жазуға талпынуың мүмкін. Бірақ, оны жазып бітіріп, жарыққа шығарып, оқушыға жеткіземін дегенше калейдоскоп секілді өтіп жатқан өмір өзгеріп кетеді. Кешегі құндылық ертең құнсыз бола­ды, ал құнсыздық құндылыққа айна­лып кетеді. Жаңалықтар келеді, адам­дар өзгеріп жатады. Ал драматургияда маған тиімдісі сол, көрермендермен, оқырмандармен тікелей байланыс жасайсың. Айтамын деген ойыңды сахна арқылы тікелей жеткізе аласың. Маған драматургияның жақын болып кеткені сондықтан.

Несін жасырам, соңғы кезде «про­за жазсам ба» дегеннен гөрі «пьеса жазсам» деген ой мені көбірек ма­залайды. Өйткені, қазақ драматур­гиясы әлі күнге әлемдік деңгейге көтерілген жоқ. Мен ғана жеткіземін деп, өзіме көп алмаймын, әрине. Бірақ, драматургияның қазіргі кезде әлемде әдебиеттің басқа жанрларының бәрінен артық болып тұрғаны – анық нәрсе. Өйткені, бүгінде әлем халықты театр арқылы, кино арқылы көбірек танығанды қалайды.

– Сонда, мәселен, қазақты әдебиет арқылы емес, театр арқылы таны­ту тиімді ме?

– Ойлап қараңыз, бір залда 400 адам отыруы мүмкін. Бірақ, ол қойылым бірнеше рет, тіпті, жылдап үзілмей, дүркін-дүркін қойыла береді. Ал кітабың бар болғаны 1000, 2000 да­намен шығады. Бұрынғыдай 30 мың, 40 мың тиражбен кітап шығару деген қазір жоқ. Сонда қайсысы тиімді?

Оның сыртында жансыз кейіпкердің жанды кейіпкерге айналғанын көру маған әлдеқайда қызық.

Оның үстіне роман болса, адам жанының ішіндегі қалтарыстарын көрсететін күрделі оқиғаларды 300, 500 бет қылып жазуың мүмкін. Ал драматургияда сен оны 30-40 беттен асырмайсың. Сондағы аз сөзге бәрін сыйдырасың. Ал оны көрермен

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8