ДУЛАТ ИСАБЕКОВ, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері: ӘЛЕМ ХАЛЫҚТЫ ТЕАТР МЕН КИНО АРҚЫЛЫ ТАНЫҒАНДЫ ҚАЛАЙДЫ

ары кеткенде екі, екі жарым сағатта көріп, танысып шыға алады. «Абай жолы» романын ары кеткенде екі жарым сағаттық спектакльге сыйдыру керек. «Анна Каренинаны» да, мәселен, 40 беттік драматургияға сыйдыру қажет. Сонда сен өз ойыңды жеткізуде уақыт жағынан көп ұтпайсың ба? Ал қазір көпшіліктің қалың-қалың кітап құшақтап, жатып алып оқитын уақыты да жоқ.

– Сонда сіз прозадан мүлдем жерідіңіз бе?

– Жоқ, әрине. Мен проза жазуды қойып кеткен жоқпын. Мысалға қазір әлі бітірсем деп жүрген бір романым бар. Бәрібір прозаның жөні бөлек.

– Бірақ сіз прозаның мүмкіншілігіне қанағаттанбайсыз ғой, солай ма?

– Драматург болып туып, драматург болып өлген адам бар ма, айтыңызшы. Проза жазатындардыкі де сол сияқты. Жалпы, ақындардыкі де солай.

Чеховтың Книпер деген актриса досы болған екен. Екеуі азаматтық некеде бірге тұрған ғой. Адам енді күнде бір-біріне ғашық болып, бетіне қарап отыра бермейді. Әлгі Книпер: «Ана Толстой тағы бір роман бітіріп тастады. Сен неге ұсақ-түйек әңгіме жаза бересің? Толстой секілді үлкен бір дүние неге жазбайсың?» деп сөгеді екен. Сонда Чехов: «Толстой – үлкен бір ит. Ал мен кішкентай итпін. Үлкен иттер үрді екен деп, кішкентай иттер үндемей қалмайды ғой. Мен де өзімше үре беремін» де­ген екен. Сол секілді, кейде қаламдас-замандастарым повесть-романдар жазып жатқанда, менің де солай роман жазғым келіп кетеді. Бірақ, шыны керек, драматургияға қалай бұрылып кете беретінімді өзім де байқамай қалып жүрмін.

ҚАЗІР ЖАЗУШЫ ҒАНА БОЛСАҢ, КҮН КӨРЕ АЛМАЙСЫҢ!

– Қаламгердің бір сүйенері қаламақы екені анық. Осы жағынан алғанда драматургия жазып, театрларға ұсынған тиімді ме, әлде кітап шығарып, сатқан тиімді ме?

– Онысын біле қоймадым. Бірақ қаламақы дегенге бұрынғыдай иегіміз қатты қышымайтын болды ғой.

– Сонда да…

– Драматургия материалдық жағынан да көбірек тиімді деп ойлаймын. Өйткені, конкурстарға қатысасың. Театрлар репертуарына алады.

– Өзіңіз драматург ретінде неше конкурсқа қатысып көрдіңіз?

– Жалпы алты конкурсқа қатысқан екенмін. Оның біреуінде екінші орын алыппын да, қалған бесеуінде гран-приді жеңіп алған екенмін.

– Ал қаламгер ретінде кітап шығарып, сатумен айналысып көрген жоқсыз ба? Не дегенмен атыңыз бар жазушысыз ғой. 

– Кітап шығару дегенде, алдында бес томдық шығармаларымның жинағын шығарғанмын. Бірақ, кітап шығарып қазір пайда таппайсың. Өйткені, гонорардың орнына кітабыңды береді. Оны сату керек. Ол үшін, үйреншікті әдет бойынша, әкімдерге барып: «кітабымды сатып ал» деп, көмек сұрайсың…

– Өзіңіз солай істеп көрдіңіз бе?

– Иә. Әлгі бес томдығымды шығарғанда мен де сөйткенмін.

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8