пәтер, ақша туралы айтпайсың. Цензура, идеология туралы айтасың…» деп тұрып жауап берген тұсы бар… Ал бүгін бізде Президенттің я әкімдердің қабылдауында бола қалса өзінің жеке кітабы, баласының қызметі, пәтер секілді жеке басының мүддесін айтатындар көп пе, әлде елдің мүддесін, халықтың қамын қозғайтындар көп пе?
– Мен оны қайдан білейін. Қабылдауда болғандардың бәрі әйтеуір шыққаннан кейін журналистерге: «ел тағдыры, тіл тағдыры туралы әңгіме болды» деп жатады ғой.
– Ал өзіңіз…
– Былтыр ғана Елбасының қабылдауында болдым, рас. Бірақ мен оралмандар мәселесін айттым. Оларды қазір ертерек алып келіп, жағдай жасап, халқымызды бір жерге шоғырландырмасақ, ертең кеш болатынын қаперге салдым. Өйткені, сырттағылардың көбі ұлттық ерекшеліктерінен айырыла бастаған. Ал елімізде адам жетіспей отыр. Мынау кең байтақ жерге ие болып қалу үшін де бізге көбею керек. Онда да Қазақстан халқының көбейгені емес, қазақ халқының көбейгені маңызды. Мен осыны айттым. Одан кейін ұлттың сапасын арттыру, ол үшін денсаулықты жақсарту, жастарға жағдай жасау, жас отбасыларды қолдау, оларды бас-панамен қамтамасыз ету мәселесін көтердім. Жаңағы айтқан тіл мәселесі, жемқорлық туралы да әңгіме болды.
– Өзіңіз білдей бір журнал шығарып, бір ұжымды басқарып отырсыз. Отырған ғимараттарыңыз мынау – жұпыны. Тым болмаса, офис мәселесін айтпадыңыз ба?
– Жоқ. Ондай материалдық мәселені айтатын болсам, алдындағы әңгіменің бәрі бір тиын болып қалмай ма? Сондықтан, шынымен де, елдің жайын айтуды өзіме азаматтық парыз санадым. Бұл – менің әу бастан ұстанымым.
Әңгімелескен, Нәзира БАЙЫРБЕК
https://astana-akshamy.kz/dulat-isabekov-zhazushy-memlekettik-sy/