ДУЛАТ ИСАБЕКОВ, жазушы-драматург: Бөрте туралы мәліметті шөп арасынан ине іздегендей жинадым

Биыл Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы, драматург Дулат Исабековтің әлі сиясы кеппеген «Бөрте» пьесасы көрерменге жол тартпақ. Автордың айтуынша, төрт ұлы бірдей хан болған алтын құрсақты әйел туралы жазған туындысы тарихи емес көркем шығарма. Үш-төрт жылдан бері «Бөрте» тақырыбын зерттеген. Ұлы қаған атанған Шыңғыс хан туралы мәлімет көп. Алайда ізінен аңыз ерген ханның әйелі туралы дерек некен-саяқ. Жазушыны мәлім де, беймәлім Бөрте тақырыбы неге қызықтырды? Пьесаның алғашқы оқырманы айтқан алты сынды автор қалай қабылдады? Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «жылаттың-ау» дегені мақтау ма, даттау ма? Осы сұрақтарға жауап іздеп, драматургпен аз-кем әңгімелестік.

– Шыңғыс ханның өмір жо­лы туралы дерек көп. Осы күн­ге дейін түрлі фильм, теле­хи­кая түсірілді. Ал алғашқы жа­ры, төрт бірдей ұлы хан бол­ған Бөрте – ханша бұрын-соң­ды сах­наланбаған кейіп­кер. Та­рихи тұлға туралы пье­са ж­а­зуыңызға не түрткі бол­ды? – Бұл көптен бері ойымда жүр­­ген дүние болатын. Біз Томи­рис­ке бір жабысамыз, Ұмай анаға бара­мыз. Негізінен олардың бәрі қа­зақ емес. Бөрте – қазақ. Қоңырат руы­ның қызы. Шыңғыс ханның әйе­лі. Ұлы қағанды ақылмен бас­қар­ған адам. Шыңғыс хан дүние­жү­зін жаулап, қаһарына мінген қол­басшы болса да, Бөртенің ақы­лына тоқтаған. Жорықты жос­парлау кезінде қағанға қарсы пі­кір айтатын жалғыз адам болған. «Ба­тысқа тиіспе, шабуыл жасама!» деген сөзді де айтқан. Шыңғыс хан­ға Бөртенің орынды-орынсыз айт­қан сөздері ұнамай, сарайдан қуып жібереді. Өмірінің соңына дейін сарайға келуіне тыйым са­лады. Бірақ Бөрте амалын тауып са­райға келіп жүреді. Осы секілді дү­ние көп. Сахналанатын көріністің дені – Бөрте образы. Шыңғыс хан бей­несі бір-ақ жерде ғана көрінеді. Осы күнге дейін тарихта қалған Бөр­тедей тұлғаны жазбау күнә се­кілді. Көп кітапты ақтарсам да, Бөрте туралы ешқандай мә­лі­мет таба алмадым. «Моңғолдың құпия шежіресі» мен «Алтын топшыда» ғана ақпарат бар. Көр­кем шы­ғар­ма болғандықтан, та­ри­хи дерек­терден гөрі қарапайым мә­лімет оқырманға қызық. Бөр­те­нің де өмір жолы, басынан кешкен не­гізгі оқиғалары туралы «Моң­ғол­дың құпия шежіресі» көбірек жа­зыпты. Басты назарға осы екі шығармадағы деректерді алдым. Егер «Моңғолдың құпия шежіресі» қателессе – менің де қателескенім. Бөрте туралы мәліметті шөп ара­сынан ине іздегендей таптым. 4-5 жыл ойланып, одан кейін 4-5 айда жа­зып шыққаннан кейін бе, «Бөр­теден» кейін ештеңе жазғым кел­мей қалды. – Түр­кі­стан драма теат­рын­да тұңғыш рет «Бөртенің» та­ныс­тырылымы өтпек. Шығар­машылық ұжым­мен танысып, дайындық ба­ры­сын көрдіңіз бе? Шетелден ар­найы ша­қыр­тумен қойы­лым режиссерлері бекітілген. Олар «Бөрте» туралы біле ме? Ор­та Азия тарихынан алыстау еу­ропалық режис­сер­лер қа­лай сахналауды жос­пар­лап отыр? – Түркістан театры «Бөртені» қою­ға дайындалып жатыр. Шы­ғар­машылық ұжыммен танысқан жоқ­пын. Бұл театрдың келісім­шар­ты қызық әрі қиын болды. Екі жылға дейін еліміздегі ешқандай театрға қоюға болмайды. Театр ұжы­мы «Бөртемен» дүниежүзін ара­лаймыз деді. Ағылшын тіліне ау­дарылып қойды. Шығар­ма­шы­лық құрамда

Pages: 1 2 3 4