ДУЛАТ ИСАБЕКОВ, жазушы-драматург: Бөрте туралы мәліметті шөп арасынан ине іздегендей жинадым

шетелдік режис­сер­лар да бар екен. Олар Алматыға ке­ліп, үйіме қонақ болып кетті. Ма­­­ңайын­дағы бірнеше аударма­шы­лар да келіп, бір күн бойы мә­тін­мен жұмыс істедік. Бір сөз, бір сөй­лемді қалдырмай талдап, тал­қыға салдық. Қысқартатын сөз­дерді қысқарттық. Біраз толық­тырулар да енгіздік. Қазақ пен ағылшын тілін де салыстырдық. Шетелдік режиссерлер Шыңғыс хан туралы, Ұлы қағанның бір­не­ше әйел алғанын біледі. Бірақ Бөр­те туралы мүлдем хабары жоқ. Кейін Бөртенің болмысымен та­ны­са келе, керемет сезімге бөленді. Түр­кістан театры қойғаннан кейін италиялық режиссерлер елі­мізде қоямыз деп жоспарлап отыр. «Бөртенің» таныстырылымы өт­пей жатып-ақ жолы болып жатыр. Швей­ца­рия, Люксембург, Австрия мен Ауст­ралия елдері қызығушылық таны­тып, театрда сахналауға ниет білдірді. 2022 жылдың көктемінде Еуразиялық Шығармашылық ги­льдиясының мұрындық болуымен Аустралия­ның Мельбурн қала­сында «Бөр­тені» көрерменге ұсыну жос­парланып жатыр. Ке­лесі жылы 80 жасқа толамын. Сол режиссерлар шығармашылық топпен келіп, «Бөртені» өзінің Ота­нында қой­ғы­мыз келеді деген ұсыныс айтты. Соны естігенде көзімнен жас шығып кетті. «Моң­ғолдың құпия шежіресінде» «қазақ» сөзі қаптап жүр. Соны неге көрмегенбіз?!. Еуропалық режис­серлерді таңғал­дырған дүние – «Бөрте» бейнесі. Біздің ата-баба­мыз­дың ғасырында мұндай қай­рат­ты, рухты әйел бол­маған деп бағалады. Бұл деге­німіз, Шың­ғыс ханның аяғы жетпеген Ба­тыс­қа «Бөрте» барады деген сөз. – Пьесаның алғашқы оқыр­­­­маны, әдебиетіміздің мэтрі Әбдіжәміл Нұрпейісов екен. Белгі соғып оқуға дағ­дылан­ған классиктің қаламы тиме­ген бірде-бір бүтін парақ қал­мап­ты. Ең соңғы параққа «Жы­латтың ғой» деп жазған екен. Ал Мұхтар Құл-Мұхамед­тің де бір ауыз пікірі пьесаның атын өзгертуге ықпал еткені рас па? – Ең алғашқы оқырманы – Мұх­тар Құл-Мұхаммед. «Таңшол­пан» бағдарламасында қонақ бол­­­ғанымда «Бөртені» жазып жа­тырмын деп айтқан едім. Соны естіп алып, өзі хабарласты. Мен бірін­ші оқырманы болайын, ма­ған жіберіңіз деді. Уәдемде тұрып, бітірген бойда оқуға жібердім. Көп уақыт өтпей хабарласып, аяғымды жерге тигізбей бір сағат мақтады. Мақтауды кім жақсы көрмейді дейсің, ал енді қандай сын-пікір ай­тасың деп едім, алты сынды жіп­ке тізіп айтып берді. Оның алтауын да енгіздім. Пьесаның алғашқы атауы – «Бөрте ханым» еді, «Бөртеге» өзгертті. Оны қабыл­дадым. Жошыны өлтіргенде оның мүрдесінен шынашағы ғана қалды деген дерек бар. Ақселеу Сейдімбек пен Әлкей Марғұланның еңбе­гінде де шынашақ деп келтірген. Мұхтар інім басқа саусақтардан бармақ бөлек тұрады, шынашақ­тан гөрі бармақты алыңыз деді. Оған да келістім. Одан кейін «Бөр­тені құтқаруға 4 түмен әскерімен бара жатырсыз. Әр түменде 10 мың әскер бар. Сонда 40 мың әс­кер болады. Азғантай ғана керейіт­терге 40 мың әскер көп емес па?» деген сөзіне ойланып қа­лып, әскер санын бір түменге азайт­тым. Осындай ірілі-ұсақты детальдарға мән беріп, ұзақ тал­қыладық. Әбдіжәміл Нұрпейісовке де жібердім. Ауырып жатқанына қарамастан, бірінші бөлімді оқып бір хабарласты. Екінші бөлімді оқығаннан кейін тағы телефон соқты. «Пьесаңның әр бетінде белгі бар. Бастан-аяқ

Pages: 1 2 3 4