ДУЛАТ ИСАБЕКОВ, жазушы-драматург: Бөрте туралы мәліметті шөп арасынан ине іздегендей жинадым

көз алмастан оқып шықтым» деді. Шопырымды жіберіп қолжазбаны алдырттым. Ол кісі асқан ұқыпты ғой, белгі салмаған беті жоқ. Сөйлемдер арасынан мақал-мәтел тауып, астын сызыпты. «Здесь всего 70 страниц, но какие это страницы?! Здесь создана великая эпоха Чин­гиз хана, создан величайший образ великой женщины Бөрте» деп орысша сөйлем жаза келіп: «Әй, бала, жылаттың ғой!» депті. Осы жылы лебізін оқып, көңілінен шыққанын сездім. Оқыған адам­ның дені жылы пікір айтып жа­тыр. Соған қарағанда сәтті туын­ды болған сияқты. Шетелге шы­ғуым­ның да бір себебі «Бөрте» болып тұр. – Оқыған адамдарға ұнап жат­қанын білдік. Ал өзіңізге пье­саның қай тұсы сәтті не­ме­се әлсіз болып қалды? – Еуразиялық шығармашылық гильдиясымен жақсы байланыс орнатқанмын. Бірде кітабымды швед, ағылшын тіліне аударып жүр­гендер Алматыға келе қалды. Сол кезде «Бөртені» жазып жатқа­ным­ды айтқан едім. Оларды қы­зық­тыру үшін Шыңғыс хан мен Бөр­тенің ғұмырнамасынан кейін ең әсерлі диалогын айтып бер­ге­нім­де шетелдіктер сілтідей тынып тың­дады. Қойылым кезінде осы кө­ріністің тіпті жарқырап шы­ға­тынына сенемін. Осы жерге де шет жағасын айтайын. Халқы көкке көтеріп, қарсы келмек түгілі, жүзіне тіке қарай алмайтын жұр­тының арасынан Бөрте ғана суы­ры­лып шығып: «Сен ғана соғысқа той­майсың. Жақсылап ойлан, Тему­чин!» деп ерінің кем-кетігін бе­тіне басатын болған. Бөрте – Шың­ғыс ханға «сен» деп сөйлеген жер бетіндегі жалғыз адам. Бір күні шыдамы таусылған Шыңғыс хан Бөртенің басын өзі алмақшы болады. Бөрте өлімге бас тігіп, дайын­далады. Алаңға келіп, мой­нын созып, бәрі бітті деп жатқанда дү­ниежүзін жаулаған ұлы қол­басшы, хас батыр қолы дірілдеп, қынаптан қылышын суыра алмай жа­тады. Бөртенің өзі жүгіріп ба­рып, қылышын алып береді. Екі бұрымын жайып, енді шабады деп күтіп жатады. Бірақ Шыңғысхан қанша оқталса да, қолы бармайды. Бөрте «өзіңнің қолыңнан келмесе, жен­деттеріңе бер!» деп бұйырады. Олар­ға да біреудің басын алу мәр­тебесі бұйырсын дейді. Бөрте қа­сына мойынының қанын жуу үшін екі ыдыс толы су алдырып қояды. Амалы таусылған Бөрте өле­рінің алдында ұлы Жошының өліміне әкесі Шыңғыс ханды кінәлайды. Мүмкін сол кезде ғана өлтіретін шығар деп ақырғы сөзін бастайды. «Жошы таққа таласып, орныма отырып алады» деп оны өлтіруге сен бұйрық бердің дейді. Жендеттерің сенің бұйрығыңды бұлжытпай орындады. Жошының денесін құландардың арасына апарып тастады. Оны құландар шайнап, денесін жоқ қылды. Міне, он екі мүшесінен қалған жалғыз бармағы» деп қаны қатып қалған матаға оралған саусақты көрсе­теді. «Екеуміздің баламыздан қал­ған жалғыз белгі осы» дейді. Сол кезде Шыңғыс хан еңкілдеп жы­лап жібереді. «Хан жыласа, қара халық қайтпек?! Есіңді жиып, беліңді бу!» деп өзіне әкеліп қой­ған суға ханның бетін жуады. Есін жинағаннан кейін, қолымен нұс­қап, Бөртені жанына шақыра­ды. Қос бұрымынан сипап, шешіле сөйлейді: «Сен маған ақ періште болып келіп, өмірлік серігім болыпсың. Құтқарушым

Pages: 1 2 3 4