ДУЛАТ ИСАБЕКОВ, жазушы-драматург: Бөрте туралы мәліметті шөп арасынан ине іздегендей жинадым

болып, ажалдан аман алып қалдың. Тіпті, менің ұлы қаған болуымның өзі сенің арқаңда, сенің ақылың» деп ризашылығын білдіреді. Дәл сол кезде Қарақорымнан хабаршы келіп, Шыңғыс ханның шешесінің өлімін естіртеді. Жол ұзақтығы 78 күн жүріп, шешесін ақтық сапарға шығарып салады. Көзінің тірісінде жауда қалған 11 баланы асырап алып, бағып-қаққан анасына түк қызық көрсетпедім деп Шыңғыс хан өкінеді. Бөрте төркін жұрты­мен, Қыпшақ даласымен қошта­сып, Жошының бармағын алып, Ұлытауға жерлеуге бекінеді. Сахна шымылдығы Бөртенің қоштасу монологымен аяқталады. Осы сәт­тінде ерекше тебіренгенім рас. «Бөр­теге» бүкіл күш-жігерімді жұм­саған сияқтымын. Шығарма біткен соң, он күн бойы жынынан айырылған бақсыдай, салым суға кетіп, сылқ түсіп жүріп алдым. Еш­теңеге зауқым соқпай қалды.

https://turkystan.kz/article/156139-dulat-isabekov-zhazushy-dramaturg-b-rte-turaly-m-limetti-sh-p-arasynan-ine-izdegendey-zhinadym

Pages: 1 2 3 4