ДУЛАТ ИСАБЕКОВ, жазушы-драматург: Бөрте туралы мәліметті шөп арасынан ине іздегендей жинадым
Биыл Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы, драматург Дулат Исабековтің әлі сиясы кеппеген «Бөрте» пьесасы көрерменге жол тартпақ. Автордың айтуынша, төрт ұлы бірдей хан болған алтын құрсақты әйел туралы жазған туындысы тарихи емес көркем шығарма. Үш-төрт жылдан бері «Бөрте» тақырыбын зерттеген. Ұлы қаған атанған Шыңғыс хан туралы мәлімет көп. Алайда ізінен аңыз ерген ханның әйелі туралы дерек некен-саяқ. Жазушыны мәлім де, беймәлім …
«Біз су ішсек су, у ішсек у ішесің» дедім»: Дулат Исабеков немересін неліктен шетелге жібермей қойғанын айтты
Қазақтың белді жазушысы Дулат Исабеков журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында Қазақстандағы жұмыссыздық пен әлеуметтік жағдайдың төмендігі туралы сөз қозғады. Мәдениет қайраткерінің айтуынша, бүгінде қоғамда орын алып отырған түрлі жантүршігерлік оқиғалардың ар жағында дәл осы мәселелер жатыр. Ол өз немересін мысалға келтіріп, аса дарынды әрі білімді жастардың шетел асып кетіп жатқанына күйінді, деп жазады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kznews.kz сайтына сілтеме жасап. Исабеков сұхбат …
ДУЛАТ ИСАБЕКОВ, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері: ӘЛЕМ ХАЛЫҚТЫ ТЕАТР МЕН КИНО АРҚЫЛЫ ТАНЫҒАНДЫ ҚАЛАЙДЫ
– Өткен жылы сіздің Михаил Булгаков туралы жазған пьесаңыз Петерборда қойылды. Жаңылыспасақ, әзірге шығармасы шетелдерде сұранысқа ие болып, қазақ драматургиясының көкжиегін кеңейткен өзіңіз ғанасыз… – Негізі Сұлтанәлі Балғабаевтың шығармалары да шетелдерде жүріп жатыр. Бірақ, жуырда Қазақстан авторлар қоғамының төрағасы Марал Ысқақбаев «ең үздік драматург» деген номинация бойынша Өмірбек Боранбаевты атапты. Шын мәнінде бізде Боранбаевтан да мықты драматургтар бар ғой. Әлгі …
ДУЛАТ ИСАБЕКОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ: ТӨРТІНШІ КУРСТАН ТАНЫМАЛ БОЛДЫМ
Жазушы, драматург Дулат Исабеков 1966 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) бітірген. Болашақ жазушы университет қабырғасында жүргенде-ақ шығармашылыққа бет бұрды. Қазақ прозасында өзіндік қолтаңбасы бар қаламгердің шығармалары әлемнің бірқатар тілдеріне аударылды. Драматургияда да өзінің сара жолын айқындай алды. – Студент кезімде жақсы оқыдым дей алмаймын. Диплом қорғағанда академик Зейнолла Қабдолов ағай: «Әй, Дулат, сен менен үш алған екенсің ғой. …
Дулат Исабеков: “Қазақты жұмыссыздық тоздырып барады”
Қазақтың көрнекті жазушысыДулат Исабеков қай кезде деқоғамдық өмірге белсенеараласып, елде болып жатқанүлкенді–кішілі оқиғаларға өзкөзқарасын білдіріп отырады. Қаламгерді толғандырған мәселекөп: оқырман мен әдебиетарасындағы байланыс, күнделікті өмірдегі тосынжәйттар мен мәдениетсаласындағы түйткілдер… Біздіңбүгінгі әңгімеміз де осытөңіректе өрбіді. – «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» дейді хакім Абай. Елімізде соңғы кездері болып жатқан лаңкестік әрекеттердің, түрлі заң бұзушылықтардың, жастар арасындағы қылмыстың көбеюіне осы Абай атамыз айтқан жағымсыз нәрселер әсер етіп отырған жоқ па? – Сұлманмахмұттың: «Жақсылық көрсем өзімнен, жамандық көрсем өзімнен» деген сөзі бар. Бәрі өзімізден болып жатыр. Бізге жау сырттан келіп отырған жоқ. Өзіміз осындай …
Дулат Исабеков: Телевизия – жастардың жиын немесе концерт өткізетін мекемесі емес
Мәдениет саласының майталмандарымен пікірлесетін, олармен сыр шертісетін Қазақ радиосының «Өнер алаңы» хабарында ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы-драматург Дулат Исабековпен сұхбат өрбіді. Сұхбаттың толық нұсқасын оқырман назарына ұсынып отырмыз. – Дулат аға, күрделі жанр – драматургиядағы еңбегіңіз елеулі. Кейінгі табыстарыңызды айтпағанның өзінде баяғы «Кішкентай ауыл», «Әпке» пьесаларыңыз театрлардың репертуарынан әлі түспей келеді. Әсіресе, «Әпке» спектаклінің тақырыбы қай заманда болсын өзекті. Бәлкім, …
Ақтотының басқа қыздар сияқты сұғанақтығы жоқ
«Алдыңғылардың әңгімесі» бағдарламасының бүгінгі кейіпкері – жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабеков.Жазушы бүгінгі қазақ театрларының кемшілігін айтты. Өзі сабақ беретін Жургенов атындағы өнер академиясының студенттерінің деңгейін сөз етті. Қаламдастары туралы шығарған анекдоттары да сұхбаттан тыс қалған жоқ. – Аға, сізге хабарласқанымда мені қызықтырған және ойландырған екі нәрсе айттыңыз. Соның қызықтырғаны: бір шығарма жазып біттім, бітіргеніме көп болған жоқ. Тынығып алайын …
Күштілер қаруы – сөз — Дулат Исабеков
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мәдениет және спорт министрлігі мен «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының қолдауымен Лондонда көрнекті жазушы, драматург Дулат Исабековтің театр фестивалі өтті. Фестиваль аясында М.Әуезов атындағы академиялық драма театры «Жаужүректі», Мемлекеттік корей музыкалық комедия театры «Актриса» спектаклін қойды. Ағылшын театры драматургтің «Аққу Жібегін» сахнаға шығарды. Ұлыбритания елінен олжалы оралған драматургпен тілдескен едік. – Британ …
Дулат Исабеков Елбасыға не айтты?
Редакциядан: “Әдебеиет” порталына сұхбат брген белгілі жазушы Дулат Исабеков Президентпен кездесуінде көптеген мәселелерді қозғағанын, бірақ оның көпшілікке жете бермейтінін айтты. Газет-журналдардан «Исабеков Президенттің алдында түк айтпады ғой» деген пікірді мен де оқыдым. Бұған жауап та бердім. Айтуын айттық қой, оның бәрі көрсетілмеді… Екі жарым сағатқа созылған әңгімеде не айтылмады дейсің, бәрі айтылды. Мақтанғаным емес, өткір пікірді мен ғана айттым. Бексұлтан …
ДУЛАТ ИСАБЕКОВ: «Біз Ұлттық Мемлекет құрудан қорқамыз!»
Қазіргі қоғамда өз ойын ірікпей айтатын, пікірінен таймайтын жазушылар өте аз. Әрине сіз солардың қатарынансыз. Әңгімені әдебиеттен бастасақ. Қазіргі әдебиетке көңіліңіз тола ма? Әдебиетке ешқашан, ешкімнің көңілі толып көрген емес. Ол заңды да. Тіпті Пушкиннің заманында да солай болған. Ал біздің XX ғасыр – «қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» деп атауға тура келіп тұр. Себебі сол кездегі әдебиеттің жеткен жетістігіне …