«Мені тірідей көміп тастамақ болған»: Дулат Исабеков өміріндегі ерекше сәттерді еске алды

Қазақтың танымал жазушысы Дулат Исабеков Нартай Аралбайұлының YouTube-каналына сұхбат беріп, қоғамдағы түрлі оқиғалар, жастардың шетел асуы, жемқорлық пен ұлтжандылық секілді мәселелерді тілге тиек етті. Одан бөлек, ол өміріндегі ерекше жайттар мен балалық шағы туралы әңгімелеп, сәби күнінде бір өлімнен қалай аман қалғанын баяндады. Жазушының айтуынша, кішкентай күнінде жақындары оны өлдіге балап, жер қойнына тапсырмақ болған екен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. …

ҚАРАҢҒЫЛЫҚ (А.П. ЧЕХОВ)

Үстіндегі тоны қырық жамау, аяғындағы байпағы қолп-қолп етіп, қара санын қажаған тығыршықтай үрпек сары жігіт земство докторы қабылдауын аяқтап, ауруханадан үйіне қарай беттей бергенде, оның жанына жасқана басып жақындады. –Құзырыңызға құлдық, сізге кеп едім, – деді ол. –Иә, не керек? Жігіт тайқы танауын алақанымен жоғары қарай жапыра бір сүртіп, аспанға қарап алды да, сонан соң барып жауапқа көшті: –Сіздің құзырыңызға …

Орман көкегі туралы аңыз

Баяғы заманда байлығы елден асқан атақты бір хан өмір сүріпті. Оның желден жүйрік тұлпары бар екен. Хан барлық қазына-байлығынан гөрі осы тұлпарын жақсы көреді екен. Сондықтан оны ұры-қарыдан сақтап, жер астына жасырып қоятын көрінеді. Перзент дегенде ханның 12-13 жасар жалғыз қызы ғана болыпты. Ол асқан сұлу боп туады. Жұрттың көзі тиеді деп қорыққан хан мен ханшайым оны да жан адамға …

ЖАСЫРЫНБАҚ

Біздің ауылдың көктемі қар астында жатады. Ол басқа жерлердегідей бір жылынып, бір суынып, артынып-тартынып жүрмейді. Қыс бойы бірінің үстіне бірі жауып, кірігіп қалған қарды бір түнде жауған жылы жаңбыр тоз-тоз етеді де, барлық сулы-сілеңді сай-салаға айдап тығады. Сол күні-ақ топ-топ қараторғайлар мен беласты қарғалар жерден шыққандай ағаш-ағаштың басына қонақтай қалады. Ертеңіне күннің көзі шығып, дәл былтырғыдай жердің буы бұрқырап, тайыздап, …

ӨЖЕТ ҚҰСТАР

Жадыраған жаз да өтті міне. Сақиналы қараторғай барлық уақыттағы сияқты бұл жаздың да қалай зулап өте шыққанын байқамай қалды. Енді міне, жапырақ түсіп, орман біткен күздің мазасыз да суық желімен шуылдай бастады. Кәрі еменнің түу басындағы жайлы ұядан сән кетіп, үңірейіп тұр. Бұрын шарқ ұрып еркін шарлаған көгілдір аспанды сүреңсіз бұлт қаптап, тамылжыған тамаша өмірді анау шалқып жатқан шексіз теңіз …

БОДАУ

Біздің мал дегенде жалғыз шыбышымыз болды. Оның өзін Қайнарбұлақтағы нағашы атам маған бәсіре деп атап, күзге қарай үйге әкеп тастаған. Менің қуанышымда шек болмады. Өйткені кешке қарай ауыл балаларының бәрі өрістен мал келерде алдарынан шығады. Олармен ілесіп мен де кетемін. Оның өзі де бір серуен. Ойнаймыз, алысамыз. Өстіп жүргенде күн де батып, мал да кеп қалады. Әркім өзінің қой-ешкілерін бөліп …

ҚАРЛЫҒАШТАР

Арыс қаласында төртінші класты бітіріп, жазғы демалысқа шыққан соң, жақын арадағы колхозда тұратын әжем өзімен бірге мені үйіне ертіп келді. Бұл жақ қаладан гөрі маған қызық боп көрінетін. Әжемнің үйінің ішкі төбесінде қарлығаштың ұясы бар еді. Онда сары жағал балапандар қанат байлап, жетіліп келе жатты. Қалада қарлығаштар үйге көп ұя сала бермейтіндіктен болар, мен оларға қызықтап қарай бергім келетін. Әсіресе …

АЛАҢСЫЗ АУЫЛ

Ол кездегі біздің ауыл үшін дүниеде екі-ақ ұлт бар болатын: қазақтар және қазақ еместер. Өзге ұлттар мен ұлыстар жайлы есіте қалса: «е-е, ондай да ел болады екен-ау, бейшаралар-ай, ә» деп алыстағы оларға аяушылықпен қарайтын-ды. Аспан асты, жер үстінде өздерінен басқа ешкім жоқтай сезінетін. Сөйтіп жүрген ауылдың бала тәрбиесінен де білетіні екі-ақ әдіс еді: бірі – боқтау, екіншісі – ұру. Құданың …

БІТПЕЙДІ-АУ АРМАН

Ертең оның ұлы келеді, екі жыл бойы көрмеген ұлы! Ол — лейтенант, ол — балғындай жас офицер! Отставкадағы қарт полковник Айтөре Қалимолдиннің көкірегі ерекше бір мақтаныш пен масатқа толып, қуаныштан түні бойы ұйқысы келмей қойды. Жалғыз ұлы Нариманы он сегізде оқуға кеткен еді, қазір жиырма екіде. Алғашқы екі жыл бойы келіп жүрді де, соңғы екі жыл әлдеқалай бір себептермен келе …

БЕЙТАНЫСТАР

Сәскеде жауған қардың аяғы енді жаңбырға айналды. Жердің миы шығып, қара жол қамырдай иленіп жатыр. Қыс ортасы болса да Қаратау өңірінің кей жылдары осылайша мың құбылып, қай жағына ауарын білмей өзінің де, шаруаның да мазасын алып, ығырыңды шығарып бітетін кездері жиі кездесіп тұрады. Мұндай сәттерде кім-кім де болса жолға шыққанды жаны қаламас еді. Бірақ, «таң атпайын десе де күн қоймайды» …