ШАЛДАР

үнсіздік. «Ойбай-ай, мына күшіктің сөзін-ай, ә! Тіпті, «атам өлсе қойылар, атан өлсе сойылар» дегендей бейғам жатыр ғой жүдә. Қиналса нағылдеген екенсің». — Не болды, не жетпей қалды сендерге? Кінә қайсыңнан? — Білмеймін көке. — «Мазамды алмаңызшы» дегендей баласы аздап қабағын шытып, басын арғы қабырға жаққа бұрды. Қарекең сол орнында ұзақ тұрды да шығып кетті. Есікті жауып, терең бір күрсінді. Маңдайының терін сүртті. Өз бөлмесіне енгенде оның келуін шыдамсыздана күтіп отырған кемпірі: «Не болды, келін неге кетіпті?» деген сұрақпен қарсы алды. Шалы үндемеді. Келіндерінің өз үйлерінен неге кеткенін Қарекең мен Бибінұр ауылдағы кейбір жас жігіттерден есітті. Олардың ажырасу себебін естігенде Қарекең күйініштен өртеніп, шоқ боп кетті. «Ойбай-ай, ойбай ғана ақымақтар-ай! Не дерсің, не дерсің бұларға енді. Сол инедей нәрсе үшін… пай-пай-пай, тентектер-ай! Кісіні жерге тірідей көмесіңдер-ау! — деді ол ауыл сыртындағы төбеде отырып. — «Бала тәрбиелеу жөнінде екеуінің пікірі қайшы кепті!» О, тоба, бұл не бұл, осындай да жанжал, осындай да талас бола ма екен? Үлкен, ер қабырғасы қайысатын нәрсе болса бір сәрі-ау. «Бала тәрбиелеу женіндегі пікірлері қайшы келген! О сұмдық! — Қарекең мырс ете қалды. — Ойбай ғана ақымақтар-ай, осыған да адам сүттей ұйып отырған тұрмысын бұза ма екен. Тіпті, ол жөнінде екеуінің жиналыста таласып несі бар десеңші. Осынысы күйдіреді-ау бұлардың, осынысы. Мына Ерғабылда шайнам ми болса нағыл дейсің. Мектепке барып несі бар-ай оның, а? Істейтін жұмысы шашынан асып жатыр. Өз жөнімен жүрсе біреу ұра ма екен? Әй, бұны да жігіт болды, үй болды деп жүрміз-ау!» «Ал мейлі, ұрыса қойсын, таласа қойсын жүдә. Енді соған бола ажыраса ма екен, әлде ғана құдай-ау десеңші! Бір жиналыста ғана емес, жалпы екеуінің пікірі келіспепті, сондықтан жиі ұрысады екен» деген не тағы? Бұларға адам түсініп болмас». «Тоқта, тоқта, құдай-ау, келін осы екі қабат емес пе еді! — деді әлден соң Қарекең күбірлеп, — мен үйде болған кезімде ұялып, көп аса далаға шыға бермейтін еді ғой. Амандық болса енді бір-екі айда… О, ақымақ-ау, ит-ау, соны көре-біле тұрып мына Ерғабылдың ісін қарашы енді. Өстіп қой, кісінің зығырданын қайнатып, ішіне өрт салатыны!» Күйініші ішіне сыймай Қарекең орнынан атып тұрды. Күн батып ымырт үйіріліп қалыпты. Ол үйіне ақырын аяңдады. Үйіне келіп, бір-екі кесе көк шай ұрттаған соң, пияланы төңкеріп тастай салып, жантая кетті. Арада бір-екі ай өтті. Қарекең құдасының аулына баруға әлденеше рет тәуекел етті. Тіпті, бір рет орта жолдан қайтты. Бірақ, осыдан бұрынғы ет жақын құдасы өзінен суып қалғандай, барғанмен өзін селқос қабылдайтындай көрінді. Әрі ол Ерғабыл ақылға көніп келіннің соңынан барар деп те жүрді. Ал Ерғабылдан

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13