«Мені тірідей көміп тастамақ болған»: Дулат Исабеков өміріндегі ерекше сәттерді еске алды

Қазақтың танымал жазушысы Дулат Исабеков Нартай Аралбайұлының YouTube-каналына сұхбат беріп, қоғамдағы түрлі оқиғалар, жастардың шетел асуы, жемқорлық пен ұлтжандылық секілді мәселелерді тілге тиек етті. Одан бөлек, ол өміріндегі ерекше жайттар мен балалық шағы туралы әңгімелеп, сәби күнінде бір өлімнен қалай аман қалғанын баяндады. Жазушының айтуынша, кішкентай күнінде жақындары оны өлдіге балап, жер қойнына тапсырмақ болған екен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. …