ТЫНЫШТЫҚ КҮЗЕТШІСІ

Қыр басынан қарағанда біздің шағын ауыл әлдекімнің дорбасынан түсіп, шашылып қалған асықтай бытырап жатады. Мұндағы үйлердің жалпы ұсқыны бір-біріне ұқсас болғанмен, барлық жердегідей әр шаңырақтың тағдыры әр түрлі, әр басқа. Мұнда небары отызға жуық қана түтін бар. Сол отыз үйден таңертең, кешке отыз түтін будақтағанда ауыл үстін кәдімгідей бозғылт тұман басып, жапырайған жатаған үйлерді көгілдір пердеге орап көзден тасалайды. Балалық …

КЕШ ТУҒАН ЖҰЛДЫЗ

Шым-шытырық ойға шомып жатып, жаңа ғана көзі ілініп еді. Түсінде әлдекім алқымынан алып, буындырып жатыр екен. Қанша бұлқынса да босатар емес. Айғайлайын десе үні шықпайтын тәрізді. Тұншығып барып Кәмшәт шошып оянды. Басқа орын таппағандай дәл алқымының астына зілдей ала мысық бұйығып жатып апты. Ол мысықтың белінен ұстап аяқ жаққа лақтырып жіберді. Ұйқысынан әлі оянып бітпеген байғұс есік жақтағы алашаның үстіне …

ЕРТЕГІ ЕЛІНДЕ

Беріліп істеген жұмыс қашанда ауыр болады ғой. Бесінші класс оқушысы Ермектің әке-шешесі колхоздың құс өсірушісі еді. Фермада әзірге екі-ақ адам жұмыс істейтін. Толып жатқан тауық, түйе тауық және үйрек- қаздарға жем, су беру, олардың астын тазалау, жұмыртқаларын жинап орталыққа апарып өткізу, ауырған құстарға қарау, тағы сондай толып жатқан қыруар шаруадан олар үйлеріне түн ішінде ғана қалжырап оралатын. Содан соң асығыс …

БІЗ СОҒЫСТЫ КӨРГЕН ЖОҚПЫЗ

«Сендер соғысты көрген жоқсыңдар ғой…» Кешегі қилы заманның қиын-қыстау шағын еске алғанда бүгінгі шалдар әңгімесін осылай бастайды. Олар кешегі боздақтардың – бүгінгі шалдардың арқасында тыныш ұйықтап, «бейғам» өмір сүрген біздерге қызыға қарайды, сонымен бірге біздердің, әсіресе қырқыншы жылдар балаларының алдында өздерінің өтелмес парыз иесі екенін де аңғартады. Қырқыншы жылдары бала болған жоқ. Басқа жерлерде болса болған шығар, біздің ауылда болған …

МАЗАСЫЗ КҮНДЕР

I Командировка… Алматыдағы республикалық байланыс әкімшілігінде істеп келе жатқан тоғыз жылдан бері осы бір сөз менімен ешқашан да ажыраспас серігім болып алды. Кейде, Қазақстанның сонау бір түпкірінде апталап, айлап болып өз үйіңе сағынып, сарғайып әрең жетесің. Әйтсе де үйреніп қалғандықтан ба, тыныш өмірдің кездейсоқ екі-үш айы артта қалса-ақ телефон әрбір шылдыраған сайын трубкадан нұсқаушының: «Дербісалин жолдас, сіз пәлен облыстың, пәлен …

БЕКЕТ

Бұл тұңғышымды марқұм анам Күміскүлге арнаймын. Автор «Досым Сайыпназар! Сен менің қайда кеткенімді, неліктен өзіңмен қоштаса алмағанымды әлі де білмейтін шығарсың. Енді, осы мен жіберіп отырған ұзақ әңгімеден соның бәрін, тіпті менің кім екенімді де біліп алуыңа болады. Өмірде адамның досы көп қой. Ал солардың ішінде өзіңе бәрінен де жақын, бәрінен де ыстық біреуі ғана болады. Мен үшін сондай достың …

ТІРШІЛІК

ШАЛЫ Қырсығына алса айлап соғатын Арыстанды-Қарабастың долы желі бүгін үшінші күн, толастамай қақап тұр. Кейде ол наурызда басталып, сәуірде бір-ақ тыншу табады. Жер қарайып, үт кірген соң-ақ қыбыр-қыбыр етіп жапа-тармағай көктемгі егіс қамына кіріскен барша жұрттың апшысы бидайдай қуырылып, тоқшылықта ұмытқан жаратушыны күн сайын мың мәртебе еске алып, бұл қырсықтың көпке созылмай тез бітуін тілейді. Табиғат қырына алды екен деп …

СҮЙЕКШІ

Желтоқсанның ызғарлы күндері де басталды міне. Суық түсіп, даланы қырау көмгелі Үндеместің сарыбы қайта қозып, сүйек-сүйегі сырқырап, кей күндері күн шыққанша жылы төсегінен тұрғысы келмей жатып алатын болды. Өзінің анадан шыр етіп туып, азан шақырып қойған аты Тұңғыш болса да, былайғы жұрт оны ауыз ашпас тұйық мінезіне қарап Үндемес атап кеткен-ді. Бұл қосалқы ат өзіне қашан тағылды, кім тақты — …

ПЕРІ МЕН ПЕРІШТЕ

— Өһө… Өһө… Ой, құдай-ау, айналайын Сафура-ай, сенің-ақ еркелеуің қалмайды екен. Мойнымнан қыса бермеші, тұншықтырып жібердің ғой тегі. Өһө-өһө, әні, буындырып барасың тура. Қолың темір ме өзі немене? Құлахмет ағайдың мұндай сандырағын бір жылдан бері естіп келемін, сондықтан болар, мен оның не сөйлеп, не қойып жатқанымен ісім де болмай өз жұмысыммен үнсіз шұғылдана беремін. Осы қаладағы бір заводқа инженер боп …

ДЕРМЕНЕ

Қара қарғаның миы қайнайтын шаңқай түс. Адырлы даланың бірте-бірте биіктеп барып аспан тебетін шоқтығын әлдекім қылышпен қиып түсіп, айналаны қоршап алған сағым теңізіне шым батырып жіберген секілді. Сәскеге дейін немесе бесін ауғаннан кейін сонау-сонау алыстан бозарып тұратын Алатау да, қапталдағы нар өркеш Қазығұрт та көзден ғайып болған. Қай жағыңа қарасаң тұңғиық теңіз, енді бірер сағаттың ішінде бұл аралықты да су …