ШАЛДАР

жекжат тапқандарын тағы бір еске салып, мақтаныш тұтатын-ды. «Құдайға шүкір», — деп қоятын ол бір күрсініп. — Бала беріп, сол баланың қызығын көрсеткеніңе құлдық. Осы бір жапырақ қара баланың арқасы ғой жұрт қатарлы жекжат тауып, келін түсіріп, ду-ду той жасап, ел санатына қосылып отырғанымыз. Ерғабылжан болмасын кәні, кім келер екен, кім бас сұғар екен осы үйге. Айналайын, қара баласынан сол. Кеше колхоз бастық көріп қалып сонадайдан әдейі атының басын бұрып, қолымды алып құттықтап жатыр. «Балаңыздың аяғын іліндіріпсіз ғой, құтты болсын. Биылғы көктемде өзін мақта бригадирі етіп тағайындаймын ба деп жүрмін. Күзді күні көң төгуді жиырма күн бұрын орындап шықты ғой, жарайды» деп мақтап кетті. Көрсеткеніңе шүкір де! Ертең ерте тұрып Серғазы молдаға тұмар жаздырып ал да, шымылдықтарының бір бұрышына тігіп қойшы, тіл-көзден аулақ болсын. Көрсетпе екеуіне де, әйтпесе ашуланып жұлып тастап жүрер, тентектер. Мақұл ма? — Мақұл емей… менің де ойымда жүр еді бұл. Ата-ана балаларының қамын ойлап, ұзақ түнге кірпік ілмей шықты. Олар үшін осылай талай таңды ұйқысыз өткізудің өзі бақыт еді. Жастар болса ештеңе ойлап та жатқан жоқ. Олардың басында бір-ақ сезім бар еді. Ол — өздерінің шексіз бақытты екендіктерін сезіну. Сол бақытты да уайымсыз жарқын өмірлерінің салтанат құруына мейірімді әкелер ата-ананың нәзік қамқорлығы білдірмей сәуле шашып тұрғанын олар әзірге байқаған жоқ. Және өздері үлкен үйдің бұрышынан кішкене бір жаңа шаңырақ көтеруі арқылы әкелер мен әкелердің жанына жаңа дүние орнатып, олардың арасында жарастықты, шынайы достықтың нәзік отын тұтандырып отырғанын да олар байқамады. Осылайша көрікті өмірдің тағы бір айы артта қалып, қар енді ери бастаған шақта Қарекең құдаларын шақыртты. Жекжатын жақсылап бір күтіп алмақ болды. Әрине шақырған жерге ешкім де құры қол бармайды. Сондықтан Молдабай да қапысыз дайындалды. Сөйтіп жаңа көтерілген жас шаңырақ әкелер арасына осылайша әбігер де тастап кетті. Әйтсе де олардың қалған өміріндегі бар қызығы мен қуанышы осында жатыр ғой!.. Қарекең мен Молдабайдың арасы осы шақырыстан соң бұрынғыдан да жақындасып кетті. Арада тағы бір айдай уақыт өткен соң бұларды Молдабай шақырды. Сонымен, бұрын бір-бірін мүлдем танып-білмейтін кісілер ежелден келе жатқан туыстардай бас-аяғы үш-төрт айдың ішінде араласты да кетті. Енді олар бір-бірінсіз тұра алмайтын да болды. Біраз күн келмей қалса өкпелесетінді шығарды. Ал осы өмірдің бәріне дәнекер болған жас жұбайлар бірде ана үйде, бірде мына үйде еркін кіріп, еркін шығып, ата-аналар алдында еркелеп жүре берді. Осылайша, күн артынан күн өтіп, олардың бас қосқанына бір жыл толды. Ерғабыл бұрынғы желікпе мінезін қойған сияқты. Көбінесе үйде болады. Ерғабыл болса бригадир, Нәзира мектепте пионер вожатый. Қарекең осы өміріне күн сайын мың

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13