ШОЙЫНҚҰЛАҚ

болған. — Менің анам жоқ, — дедім төмен қарап. Олжабек үлкен қой көздерін маған бір тастады да, орынсыз берген сұрағына ыңғайсызданып қалды. — Қой, қайғырма, — деді ол біраз үнсіздіктен соң маған көңіл айтқан болып. — Мен де анамнан дәл сендей кезімде ажырағанмын. Міне, енді қазір біреуге әке, біреуге жезде болдым. Менің ешкімім жоқ еді, қайта сенің ағаларың бар екен, мұңайып қайтесің, ойна, күл, міне дала, міне трактор, мін де жер жырт, қайратыңды аямасаң болғаны. Осы кезде үстінен май иісі аңқыған тәпелтек бойлы, ойнақы көз бір адам ішке кіріп келді. Ол сарғыш тартқан тістерін көрсете күліп, бізге жақындады да: — А, бізге келетін тракторист сен емессің бе осы? — деді киімін шешіп жатып. — Дәл солай, — деді Олжабек мен үшін жауап беріп. — Жақсы, жақсы, Шойынқұлақпен бірге істейтін боласың, оның кезектесі жоқ еді. Ішімнен «Шойынқұлақ» дегенді қайта-қайта түйіп отырмын. Аты қызық екен деп те қоямын. Түс ауа бригадир мені атқа мінгестіріп алды да, жұмыс жаққа қарай алып жүрді. — Ана тракторды көрдің бе? — деді ол әлгінде ғана қолдан жасап алған қамшысының сабымен бізден ширек шақырымдай жерде кетіп бара жатқан тракторды нұсқап,— сенің баратының сол, қазір ауыстыруға тиіссің. Мен оның тау бөктеріне шашырай шыққан ажырық сияқты мойнына дейін қаптап кеткен қырылмаған шаштарынан көз алмай, айтқанын үнсіз құптап келемін. — Ал, жігіт, енді түсіп қал, мен совхоз орталығына асығып бара жатырмын, бүгін сенің келетіндігің туралы анаған айтқамын, жалғызсырап, көңілің құлазымасын,— деді де, атын жамбасқа бір тартып, шоқырақтата жөнелді. Мен жол жиегіне шығып біраз тұрдым да, болашақ кезектесіме қарай жаңа жыртылған жұмсақ топырақты омбылай кешіп, ақырын жүріп келем. Ол тракторын тоқтатып қарғып түсті де, менімен нақ бір төбелесетін кісідей, қимылсыз тұрып қалды. — Саламатсыз ба? — дедім оған жақындай бере. — Иә, — деді ол зор дауыспен. — Қайда барасың? — Мені сізге жіберді… — Сен «сізіңді» қоя тұр. Менімен бірге істейді екенсің, құрдас боласың. Өзің тым арықсың ғой, серейіп өсе бергенше жуандасаң қайтеді! — деді ол айырдай қолдарын қалтасынан шығарып. — Трактор айдауға шамаң келе ме? — Шама келгенде, сіз оны итеріп жүргізбейтін шығарсыз,— дедім оған ашуымның келгендігін білдіріп. — Ойбай, мынаны қара! — деді ол маған өткір көздерін қадай түсіп. — Сен сөйлей біледі екенсің ғой. Ал, мін тракторға, көрейін қалай екеніңді. Бір жерің ұнамаса бар ғой айтпады деме, қуып жіберемін! — деді де ол күркілдеп тұрған тракторға келіп өшіріп тастады. — Ал, оталдыр да жүргіз! Өстіп жүріп мен оның бет-пішініне көз тастадым. Жүнін жұлған құстың денесіндей, бүршік-бүршік бетіне

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12