КЕМПІРЛЕР

Тұрлыбек шықсыншы, бірге барайық. — «Тұйлыбек шықсыншы, Тұйлыбек шықсыншы». Кімнің баласы мынау? Ол әпкесінің қасында отыр. Өй, әптің құрғыр, бар, өздерің барып келіңдер! Үш-төрт бала дүркіреп ала жөнелді. Енді бірер сағаттан соң шағын ауылдың кемпір-кепшіктері түгел жиналып, екі бөлмеге сығылыса жайғасты. Қазан-ошақтың басына келген Қалампыр: — Келіндер-ау, Сырғакүл бүгін Арысқа кетіп қалған екен, сыбағасын алып қоя салыңдаршы, өкпелеп жүрер, — деді бетінің терін сүртіп. Үй ішінде тойдағыдай у-шу, шадыман күлкі.

Pages: 1 2 3 4 5 6