ЕСКІ ҮЙДЕГІ ЖАҢА ҚОНЫС

бір мінсе оңайшылықпен түсе қоя ма? Осы оқиғаның әсері біршама әлсіреп, ұмыт бола бастағанда біреуді келеке етпесе жүре алмайтын құрдастар Есіркептің төңірегінде жаңа әңгімелер өрбітіп, өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай ғып айтатын болды. Есіркептің орталықтағы, тіпті орталыққа дейінгі оғаш қылықтары теріле бастады. Өткен жолы Тарақбай қалаға барып, асханадан тамақ ішіп отырса қасына бір жігіт кеп жайғасыпты. Жөн сұраса келгенде ол Есіркепті бала кезінен білетін боп шығады. «Жақсы жігіт еді, оның түбіне жеткен қалжың болды» деп отырып, екі-үш әңгіме айтып береді. Астық орылып жатқан қауырт кез болса керек. Есіркеп табан астында қалаға жеткізетін көлік таба алмай қатты қиналады. Жекеменшік машинасы барлар орақ соңында, совхоз машиналары Есіркепке бола жетпіс шақырым жерге бара ма? Байғұстың бармаған, жалынбаған адамы қалмайды. Айналып кеп тапқаны осы жігіттің водовозы болады ғой. «Ойбай, қасымда әйелім мен емшектен шықпаған балам бар, кабинаға сыймайсың» дейді бұл. «Үзеңгіде тұрып барармын» дейді ол. Жігіт көнбейді, «түрмеге түсетін жайым жоқ» дейді. Есіркептің қатты қиналып тұрғанын көріп жігіт оған кеңес береді. «Тағы да іздеп көр, болмаса, бір амалын табармыз» дейді. Ақыры сол «амалға» жүгінуге тура келеді. Водовоздың суын төгіп, ішіне көрпе салса сүңгуір қайықта отырғандай жап-жайлы боп шығады екен. Тек машина ары-бері теңселгенде дүние төңкеріліп келе жатқандай болады, бірақ амал қанша, шыдауға тура келеді. Есіркеп шыдады. Тұншығып өліп қала жаздады, бірақ шыдады. Орақ науқанына байланысты облыстық милиция мен мемлекеттік автоинспекцияға қалаға кіретін кез келген машинаны тоқтатып, тексеруге право берілген-ді. Тіпті, су таситын машинаға дейін тексерілсін деген нұсқау бар. Демек, сұғанақ қолдар су таситын машинамен де бидай «тасуға» көшкен. Бір кезде машина тоқтады-ау, әйтеуір! Есіркеп жартылай ашық тұрған цистернаның аузына қарай еңбектеді. Мезгіл кешқұрым болатын. Әне, қақпақ шалқасынан ашылды. — Келдік пе? — дейді Есіркеп қарлыққан дауыспен. Цистернаның аузын ашып тұрған адам салдыр-гүлдір құлап түсті. Бұл — цистернаның ішін тексермек болған милиция екен. — Құрыдық! — дейді шофер жігіт Есіркеп сыртқа шыққан соң. — Өліп қалмаса болғаны! Шынында да, екеуі сотталып кете жаздап, үлкен машақатпен әрең құтылыпты. Тарақбай ауылға асығыс аттанды… Есіркеп бұған да көнді. Ол көнбіс боп алды. Жасырғанды, жасандылықты қойып, о баста құдай қандай мінез берсе, солай өмір сүруге көшті. Баяғыдан-ақ осылай етпегеніне өкінді. Енді ол араласқанмен араласып, жағаласқанмен жағаласып жүруді де үйреніп алды. Осылай ету әлдеқайда жеңіл әрі көңілді сияқты. Тіпті, реті келгенде өзі де басқаларды келеке ететінді шығарды. Бөлімше жігіттерімен араласып кеткені соншалық кей-кейде әйеліне: «Әтәсіне нәлет, жаңа машина алып жігіттермен бірге жүрсем бе екен», — дейтінді шығарды. Бәрі де осылай қалыпқа түсіп, бәрі жарасымды боп келе жатқан. Бөлімше жоғары вольтті

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11