ЕСКІ ҮЙДЕГІ ЖАҢА ҚОНЫС

жүйеге жалғанып, электростанцияның қажеті болмайды екен деген сөздің шыға бастағанына біраз болды. Тіпті, кейбір дайындықтар да жүргізілген. Сол жылы жазда Есіркеп демалыс алып, өмірінде бірінші рет Қара теңіз жағалауына барып демалып қайтты. Жолдастары кеу-кеулеп шығарып салған. Есіркеп қайтып келгенше бөлімше аяқ асты жоғары вольтті жүйеге жалғанды да, өрт қаупі күшті болғандықтан обылыстан келген мамандар екі сиыр фермасы мен моншаға және тауықханаға жаңа керек-жарақтар орнатуға тыйым салған. Қайраты қайтып, қадірі төмендеген дизель солар үшін ғана амалсыз күркілдеп тұрған-ды. Есіркепті құрдастары күтіп алады. Тарақбай, Тәшкенбай, тағы басқа «байлар» мен «бектер» вокзалдың ресторанында Есіркептің келгенін жақсылап атап өтеді. Құрдастарының алдынан күтіп алғанына дән риза боп, желпініп отырған Есіркепке Тарақбай тұрып: — Сен кеткелі мына завток әбден құтырып алды, — деді ол шарасыз адамның кейпімен күрсіне сөйлеп. — Иә, айтпақшы, соның жыры бар екен-ау, — деп қостады Тәшкенбай да жылқы басын шайқап. — Не боп қалды? — деді Есіркеп оларға түгел қарап шығып. — Ол неге есіріп жүр? — Есіргенде бізге не істей алады, — деді Тарақбай кәдімгідей күйіне сөйлеп. — Есіңде ме, баяғыда үлкен баласы завтымының кенже қызына үйленіп той жасағанда… арамызда түсініспеушілік боп қалып еді ғой? — Иә-иә, — деді Есіркеп пен Тәшкенбай өткен іске өкінген боп бас щұлғып. — Енді завтоктың кенже қызы завтымының үлкен баласына тұрмысқа шыққалы жатыр. Бүгін кешке тойы. Завток айтады: «Есіркептің баяғы қысастығын екі дүниеде ұмытпаспын,–деп. –Той болатын кезде аулақ болғаны жақсы болды» деп отыр. Біз айттық: «Ақсақал онда кінә жоқ еді ғой» деп. Сөйтсек айтады: «Бірақ, болған күннің өзінде де екінші рет тойымның шырқын бұзатын болса, екі қолын артына байлатып Итжеккенге айдатамын» дейді. Әйеліңді тойына да шақырмапты. Осы отырған төртеуміз барып завтокпен ұрысып қайттық. «Есіркептің үй-іші шақырылмаса, тойыңа біз де бармаймыз» дедік. — Сүйттік, — деді қалған үшеуі де бірден қосылып. — Рахмет, — деді Есіркеп ұзақ үнсіздіктен соң қатты толқып отырып. Басынған екен, — деді сонан соң естілер-естілмес қана күбірлеп. — Япыр-ау десеңші, айдалада жүрген жазықсыз сенде несі бар? Бүгін келгенің қандай жақсы болды, қас қылғанда ауылға барған бойда моторды өшір де жатып алшы. Далаға шықпай ғой. Завток сені шынымен айдатып бара жатса, біз де қарап отырмаспыз. — Қайда-ан! — деді Тәшкенбай ернін тыржитып. — Артына қарасын, — деді шегір жігіт. Сөйтті де, сыраға бір үзім нанды батырып алып, аузына бұралақтап тыға салды. Есіркеп ауылга әрең жетті. Төртеуі төрт жақтан намысын лаулатып ел шетіне кешқұрым іліктірді. Есіркеп моторды өшіретін боп жетті. Машина тура станцияның жанына кеп тоқтады. Іші бірдеңе сезе ме Жұмат та будкасынан атып

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11