«КОНФРОНТАЦИЯ»

деймін. — Енді не, сүйісу ме? — Оған сенің басың жетпейді!.. — Не дей-сің? Түс бермен! — Ал түстім. — Елемес «Беларусынан» секіріп түскен кезде бәтеңкесінің басына әлдене тырс-тырс тигенін сезіп, төмен қарады. Сонда барып ол манадан бері түбі босап, етіне ғана ілініп тұрған екі тісінің шаңда домалап жатқанын көрді. Жерден үзілген түймесін көтерген адамдай асықпай-саспай еңкейіп екеуін де алақанына салды да, Сексенбаевтың дәл тұмсығының алдына тақап тұрып: — Әне, секірем дегенде, сенің кесіріңнен екі тісім түсіп қалды, жауап бересің! — деді де тракторына қайта отырды. Отыра берді де кеудесін бері бұрып, бұл өңірде бұрын-соңды ешкім естімеген сөз айтты: — Конфронтация осымен бітті, жолдас Сексенбаев! — деді барша жұртты таң қалдырып. Сексенбаев не дерін білмей, состиып тұрып қалғанда ол қою шаңды бұрқыратып жүрді де кетті. Елеместің жағдайын естіген Ережеп оның үйіне әйелін жіберіп, егер ол тісін алтыннан салдыратын болса, екі тісінің біреуінің қаржысын өз мойнына алуға дайын екенін білдіріп хабар жеткізді. Елемес әуелде ұялғаннан үндемепті. Бәлкім, осы кезге шейін келіскен шығар.  

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10