«КОНФРОНТАЦИЯ»

оянғандай селт етіп: — Дзақсы, — деді. Бұл сөзді айтқан кезде оның қып-қызыл тілі жалаң етіп көрінді де жоқ болды. Директор, парторг, рабочком үшеуі бір-біріне қарап қойды да, мәселенің төркінін түсінгендей жеңіл бір күрсініп алысты. — Сөйлеу қолайсыз болса, үндемей тыңдай бер, — деді директор оған жақсылық жасағандай қоңыр үнге көшіп. — Бес күннен соң конференция. Сен сөз сөйлеуің керек, ауданда фамилияң жатыр. Міне, сөзің де дайын. — Ол тартпаны ашып барып қайта жапты. — Иә… Бәрі дайын. Бірақ сен дайын емессің. Осы екі арада тісіңді сындырып… — Директор ашуға булығып терезеге қарады. — Конференция өткенше шыдай тұрсаң қайтер еді… Уақыт аз қалды. Мен қазір көрші совхозға телефон соғамын, қазір кет те, ертеңге дейін тіс салдырып келетін бол, ұқтың ба? Ережеп басын шайқады. — Неге ұқпайсың? Не, барғың келмей ме? — Теміл тістің келегі жоқ, — деді ол ысылдап. — Алтыннан салдылам. — Совхоздың саған сақтап отырған алтыны жоқ. Айтылды — бітті, көрші совхозға аттанасың. — Директор жартылай бұрылып, оң жақтағы телефон дискісін бұрай бастағанда Ережеп орнынан тұрып шығуға беттеді. Зәресі кеткен рабочком ұшып тұрып, оны орнына қайта жайғастырды. — Слушай, саған не керек? — деді амалы құрыған директор бәсеңсіп. — Қашан салдырмақсың? — Ақша жинап. — Қашан жиналады ақшаңыз, айып болмаса білуге бола ма екен? — Біл жылдай келек. — Ал конференция бес күннен соң, оны білемісің, ақымақ, — деді директор соңғы сөйлемінің бәрін буынға бөліп, нықтай сөйлеп. — Білем. — Білсең айтып тұрғаның не? — Ақшам жоқ. — Сенің аузыңдағы жекеменшік тісіңе өкімет бәрібір ақша төлемейді, ол сметада қаралмаған, — деді директор кекесінді үнмен. — Сондықтан қарыз ал. — Ешкім белмейді. Директор отырғандарға қарап шықты. Кімде ақша бар? Парторг пен рабочком сұрақтың жалпы мәнін түсіне алмай үнсіз қалды. — Касса жақты қарап көріңдерші, кім ақша алып жатыр екен? — деді директор. Рабочком шығып кетті де, ізінше қайта оралды. Сүрлем таситын «Беларусьтің» жүргізушісі Елеместі жетелеп кірді. Түкке түсіне алмай есік алдында аңқиып тұрған оған, директор: — Қанша алдың? — деді. — Т-т-т-төрт жүз елу… — Ал саған қанша керек? — деп ол Ережепке бұрылды. — Төлт жүз. Үш жүз сомы тіске, жүз сомы анда-мында. — Сен төрт жүз сомыңды Ережепке бер. Қарызға. Ауданға барып тіс салдырып келсін. — Ойпырмай… Әйелім… бала-шағам… — Болды. Келесі айда қайтарады. Қарсыласпа, бұл оқиғаның саяси мәні бар. Сонымен, Ережеп аяқ асты аудан орталығына жүретін болды. Совхоз директорының өзі бірге аттанды. Сол жақтан олар Ережепке тіс салдырып, конференция өткен соң бір-ақ келмек. Келесі ай түгіл

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10