«КОНФРОНТАЦИЯ»

одан бұрын сөйлейді. Оның үстіне бұл той — бұл ауылдың ес біліп, етек жинағалы бері ішкіліксіз өткізіп отырған үшінші тойы. Жұрттың бәрі сабырлы, жұрттың бәрі ақылды, ізетті, кішіпейіл, кешірімшіл, мейірбан, әзілкеш, сөзге сараң да сыпайы. Соған қарамастан іштей арбасу да астыңғы ағыспен өз бетінше өрбіп отырады. Сондай арбасу Ережеп пен Елеместің арасында салған жерден басталып, тынымсыз үдеп отырған. Арада екі сағаттай уақыт өтті. Бұрынғы көзбен қарағанда столдың төменгі жағынан екі-үш айғай, есіктің ар жағынан бір-екі кішігірім төбелес басталып, емін-еркін қайта бітетін кез. Жұрт екі сағаттан астам шай ішіп отыр. Ешкімнің шайға зауқы болмаса да ішіп отыр. Міне, сол екі сағаттан астам уақыт бойы Елемес Ережепті көзге ілмей, оны адам екен деп менсінбей намысына тиюмен отыр. Шай төменгі жақтан келетіні белгілі. Демек, Елемес кесені Ережепке береді, Елемес қасақана оны жол-жөнекей біреуге бұрып жіберді, не алады да, өзінің алдына байқамаған болып қоя салады. Бір рет, екі рет, үш рет, төрт рет… әлі жалғасып келеді. Әні тіпті, «Ережептің кесесі» деп төменгі жақтан атап жіберілгеніне қарамай ол әңгімеге ұйыған адам боп отырып шайды өзінің алдына бір ұрттады да қоя салды. «Оңбаған! — деді іштей Ережеп. — Атаңның басы әңгіме тыңдап отырған шығарсың. Сенде әңгіме түсінетін ми бар ма!» Ол ызаланып, Елеместің алдындағы шайды ұртталғанына қарамастан жұлып алды да, өз алдына қойды. — Ат суарайын деп отырсың ба, алдыңда үш кесе тұр ғой, — деді ол той атмосферасына сай сөйлегенмен ыза уытын жасыра алмай. — Жоқ, — деді ол бұған мойын бұрмаған бойы езу тартып. — Менде ат қайдан болсын, есек суарайын деп ем, алыпсың ғой ақыры. Ережеп аузындағы шайын ұрттамай бұлтитып сәл ойланып көрді. Сонда барып Елеместің сөзінің түп төркінін түсініп шайына шашалып қалды. «Иттің баласы, — деді ол жұрт әлденеге күліп жатқанда орамалымен аузын сүртіп әлек боп жатып. — Баяғы заман болса ғой, нар тәуекел деп аузыңа қояр едім. Тұра тұр, бәлем, алдыңа келтірермін бір күні». Сәлден соң Елемес ойда жоқта бұған бұрылып, құлағына сыбырлады. — Қазақтарға ішек не үшін керек екенін білесің бе? Ережеп оған «не оттап отырсың?» дегендей бажырая қарады. — Ыстық шай ішкенде арты күйіп қалмас үшін! — деді ол өз сұрағына өзі жауап беріп. Сөйтті де екі иығы селкілдей күлді. — Неге күлмейсің? — деді ол тағы да қытығына тиіп. — Бұл сөзіңе адам түгіл ит те күлмейді. — Әрине. Күлмей отырсың ғой. — Ол әдейі бұрылып кетті. Бұл — тиісу еді. Бұл — екеуінің арасындағы конфликтінің ешқандай келіссөз арқылы бітпейтінінің айқын белгісі еді. Елемес әлгі сөзін ар жағындағыларға

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10