«КОНФРОНТАЦИЯ»

да айтқан болу керек, бес-алты еркек бірден гу еткенде үйді жарып жібере жаздады. «Шамамен төбелестің жақын қалғаны ма? — деді Ережеп гулеген күлкінің астында қобалжу аралас күйге беріліп. — Елден, директордан ұят болатын болды-ау. Мейлі, ұяттан намыс кұшті, ұят та болса төбелесеміз де. Бірақ қашан? Әрине, бүгін емес, басқа бір кезде. Әйтпесе, той иесі төбелестіңдер деп ренжиді ғой». — Қазір төбелес деген атымен ұмытылып, ауыл тыныш боп қалды, — деді мұның ойын тап басқандай төрде отырған бір қария. — Иә, несін айтасың, елдің берекесі кірді ғой, — деп қостады оны екінші бір қария. — Қарашы, қандай жақсы отырмыз, дау да жоқ, дамай да жоқ. Бұрын той төбелессіз, милициясыз бітпеуші еді, солай ма, Оқас? — Қария көпшіліктің бел ортасында отырған участковый Сексенбаевқа қарады. — Иә, иә, дұрыс айтасыз, — деп басын изеді аға лейтенант. Оның бас изеуінде «әлбетте» деп қуана құптаудан гөрі «өкінішке орай» деп келісе салған сыңай басымырақ жатқан секілді. — Жігіттер сау, ел тыныш, енді не істейсің? — деді еңгезердей қойма меңгерушісі қасында отырған шағын денелі Сексенбаевтың төбесінен қарап. — Табылады ғой, — деп жымиды Сексенбаев. Қоймашы директорға бұрылды. — Ауданға айтып, совхоздағы участковыйдың штатын қысқарту керек, — деп әзілдеген болды да, сол әзіліне мәз боп қарқылдай күлді. Бірақ ешкім ілеспей, жалғыз күліп отырғанына қолайсызданып, ол құдыққа түсіп кеткендей кенет жым-жырт бола қалды. Сексенбаев жымиып күлді де қойды. Жұрт қайта тынышталып, момақан да сыпайы қалыпқа түсті. «Бәрі де бейкүнә, қой аузынан шөп алмайтын момын, сыпайы, — деп ойлады ішінен Ережеп. Үңіле қалсаң бәрінің де былығы бар. Тіпті, қыздай сызылып отырған анау Сексенбаевтың өзін алшы. Тіпті, баяғы авариядан кейінгі қылығының өзі неге тұрады? Қарашы, енді түк білмегендей жымиюын». Баяғы аварияның ішкіліктің салдарынан екенін жасыр деп Ережеп Сексенбаевтың аяғына жығылып жалынған: «Мен авария жасасам, жұртқа зияным тиген жоқ, айдаладағы бағананы соқтым ғой, нең кетеді, жария қылма» деп уәж айтқан. Ол көнбеді, тіпті, схемасын сызып алды да, папкасына салып тайып тұрды. Сынған алты тістің сырқырағанын да ұмытып, кешке оның үйіне келді. Ол маңына жолатпады. Түнде қайта соғып еді, ол үйінде жоқ екен. «Ауданға кетті» деді әйелі әрең жауап беріп. «Құрыдым, — деді басын ұстап. — Масқара болды деген осы». Бірақ кешкілік осында жүрген адамның түнге қарай ауданға кеткенін түсіне алмады. Ол жақсылықтан үмітін үзіп қақпаға қарай беттей беріп еді, мысығын ұстай алмай жүрген бес жасар қызды көріп тұра қалды. Қалтасынан шытырлаған үш сомдық шығарып, оған ұсынды да: «Көкеңнің қайда екенін айтсаң бәрін берем, ертең сағыз аласың», — деді. — Ал айтпасам бермейсің

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10