«КОНФРОНТАЦИЯ»

сүйеп күлетінін қайтесің. Біреуге көл, біреуге шөл, жаратқан десеңші! Еркектің дүниеде кешіре алмайтын нәрсесі — басқа еркектің сұлу әйел алдындағы өтімділігі. Москвада Шепкин атындағы училище бар екенін, тіпті сол Шепкин дегеніңнің кім екенін білмейтін, білгісі де келмейтін ауылда туып-өскенмен, Елемес пен Ережеп әйел мен еркек арасындағы қарым-қатынастың өзге біреуге әсер етер нәзік сырларын жақсы білетін-ді. Осы бір апта бойы Ережеп өзінің бейбіт жолмен бітіспейтін қас жауы Елеместі рухани жағынан мұқатқанына іштей масаттанып жүрді. Ауылдың көркі, бар жігіттің мерекесі болған со екі қыз бүгін жолға шықпақ. Ережеп оларды Шымкентке баратын автобусқа апарып салады, ал екеуі таңертеңгі «Қазақстан» поезымен Москваға аттанады. «Міне, өмір деп соны айт! Ал менің жүрісім болса мынау — қайдағы бір Сексенбаев, Қайдағы бір Елеместермен ерегісіп. Қайтеміз, бәрібір өмір сүру керек. Шепкин атындағы театр училищесін білмесең де өмір сүруге тура келеді. Өткен бір отырыста: «Махачкала— грузиндердің астанасы ма осы?» деп сұрақ қойған совхоз директоры да ешкімнен кем қалмай тіршілік етіп келді ғой, кем қалмақ түгіл, бүкіл бір совхозды басқарып отыр. Өткен жылы депутаттыққа да өтіп кете жаздады». Келесі аптада кірпішіңді тасып берем деп сиыршы Метештің көк «Жигулиін» сұрап алды. Аққудай әсем екі қызды самосвалға салу ел мен жұрттың алдында масқара емес пе? Оның да «Жигулиі» жетісіп тұрған жоқ екен, алдыңғы екі терезесі бірдей жоқ, дөңгелектері таздың басындай жап-жалтыр. — Байқа, — деді Метеш, — ГАИ ұстап алмасын. Мынандай дөңгелекпен бір метр жүргізбейді. — Білеміз… Қалаға кірмеймін ғой… Машинаны түске дейін айнадай ғып жуып, ішін әбден тазалады. Кешкілік екі қызды өзі есік ашып артқы орынға, әйелін өз қасына жайғастырды. Оларды бүкіл көрші-қолаң шығарып салды. Мынандай мейірімге толқып кеткен екі қыздың екеуі де көздеріне жас алды. Бәрі көңілді, бәрі тамаша еді… Екі қыз бен әйелін машинаға салып алып, ауыл сыртына шыққаны сол еді, қарсы алдынан тележка тіркеген «Беларусь» көрінді. Жолдың май топырағын аспанға будақтата көтеріп, тележкасы ирелеңдеп ұрып келеді. Жел оң жақтан, демек, шаңға бұлар емес, ол көміледі. Бұларды ол да таныды. Ережеп өз көзіне өзі сенбеді. Бұлардың сол жағымен өтуге тиіс «Беларусь» бүкіл заңға бір түкіріп, кенет оңға жалт бұрылды да, бұларды ішке алып дедектей жөнелді. Шаңға қалмас үшін Ережеп те оңға ығысты, ол бәрібір бұларды ту сыртынан айнала берді. Бұл сигнал басты, қолын сілтеді, — болмады. Дәл жанынан, қол созым жерден «Беларусь» өте шықты. Алдыңғы екі терезесі бірдей жоқ машинаның іші қою шаңға көмілді де қалды. Ережеп артына бұрылып қарағанда екі қызды көре алмады. Бұл — шектен шығу еді. Бұдан әрі төзуге болмайтын еді. Шаң басылған соң сигналды ұзақ

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10