АЛЫСТАН КЕЛГЕН АНАНАС (Драма)

Ол үшін сен жассың, қабілетсізсің. «Ештеңе де!» Қалайша ештеңе де ойламайсың? Өз үйіне жат адамды, жаңа жарын ертіп әкелген бейәдеп мына мен жайлы түк те ойламай отырмын деуің… тіп-тен екіжүзділік! Білемін! Мен бәрін де білемін. Сен мені опасыз деп ойлап отырсың, мені жек көресің. Өйткені, мен сенен әлдеқайда үлкенмін, сондықтан мен саған қарағанда әлдеқайда ересек, ұстамды, кексе адамды ұнатамын. Сен маған іштей қызығасың, іштей мені қызғанасың да! Жо-жоқ, шошынба, сөйлемей-ақ та қой, қызығасың. Еркек атаулының бәрі де сұлуға қызығады. Әдемілік — барлық адамның басындағы қасиет емес. Ол да далада шашылып жатқан жоқ. Ал, сұлулыққа қызығу — нәпсі құмарлықтың кепілі емес. Жер бетінен әдемілік жойылса, адам баласындағы тіршіліктің мәні мен мағынасы да қалмас еді. Маған қызығасың дегенге намыстанып та отырған шығарсың. Бекер шамданасың. Егер маған шын қызықпайтын болсаң, онда сен маубассың.

САПАР. Сафура апай, мен сіздің мұныңызға төзе алмаймын!

САФУРА. О-о, білем, үндемей жүріп сен қызуқандысың! Бірақ, бұл жолы қызулыққа салынуың орынсыз. Жарайды, қалсын бәрі де. Айтшы, осы жаста менің өзге біреуді сүюге хақым бар ма?

САПАР. Сіз мұны өзіңізден сұраңыз, Сафура апай. «Қырыққа жақындаған әйелдің өз күйеуін аттап өтіп, өзге біреуге қол созуы мүмкін бе, мүмкін емес пе?» деген сауалға ешқашан жауап әзірлеген емеспін. Оның үстіне, менің берген жауабым сіз үшін маңызды бола қоймас, болуы да мүмкін емес. Қайдағы бір пәтерші жігіт осылай деп еді деп, сіз де алған бетіңізден қайта қоймассыз.

САФУРА. О, міне-міне, бұл ақылды жауап! Демек, менің еркім бар екен ғой. Иә, сөз жоқ, еркім бар!.. Сен мені тыңда, Сапар, шын ықыласыңмен тыңдашы. Мен өзге біреуді сүйе аламын, өз күйеуіме адал болуға да шамам жетеді. Осы кезге дейін адал болдым да. Мен оны, Құлахметті айтамын, барынша аяп келдім. Бүкіл өн бойымдағы қабілет пен жүректегі сезімімді сарқылып қалған күннің өзінде де қос қолыммен аямай сығып, қақтай пайдаландым. Енді ол да таусылды. Кейде өзіме өзім сұрақ қоямын. Не білдім, қандай қызық көрдім мына жалғаннан? Жас шағымда оқи алмадым — білімім шамалы, жар сүюден жолым болмады, малына киініп, жарқырап та бір жүрген емеспін. Жас кезімде бақытты екенмін. Иә, ол кездегі қайғының өзі бақыт қой. Тез ұмытасың. Өйткені, бар үмітің ертеңгі күнде. Ал, менің жасымда бәрі уайым, бәрі қайғы. Мен Құлахметті аяймын, иә, өте аяймын. Бірақ, жалғыз ғана аяушылық жарасымды өмір сүру үшін аз ғой, мүлдем аз ғой! Жарайды, мен онымен мәңгілік бірге қала қояйын, одан не түсті? Бәрібір сол тұрмыс, сол қарекет емес пе? Және менің онымен мәңгі тұруым… мәңгі деп қоямын-ау тағы, қайдағы мәңгі, көп болса, отыз-қырық жыл болар… сол отыз-қырық

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32