АЛЫСТАН КЕЛГЕН АНАНАС (Драма)

ҚҰЛАХМЕТ. Міне, мынаған бар ғой, дүниенің мүлкі сияды!

САПАР (Сафураның қасына келіп). Сіз алған бетіңізден әлі де қайтпайсыз ба?

САФУРА. Жоқ… жоқ, жоқ, жо-жоқ!.. (Заттарын чемоданға, ызаланып сала береді). Кәне, жүрелік, Смағұл, сен неғып қалшиып қалғансың, болсаңшы! Басқа жүктерді алмай-ақ кете берейік…

СМАҒҰЛ. Ә-ә, шынында да… мен өзі… япыр-ай, не боп барады бұл? Кәне, Құлеке, қоштассақ па екен? Ол Құлахметке жақындап, қолын ұсынады да, чемодандарын көтеріп, үнсіз шығып кетеді. Үйде Құлахмет пен Сапар ғана. Ол әлі қимылсыз. Осылайша ұзақ тұрады. Бір кезде сырттан адам аяғының дыбысы естіледі де, Смағұл есікті жұлқа тартып, қатты ашып қалады.

СМАҒҰЛ. Кешіріңіз, кешіріңіз мені! Бұлай болады деп мүлдем күтпеп ем. Керегі жоқ, керегі жоқ маған мұндай өмірдің. Естіп тұрсыз ба, керегі жоқ! Кеше көріңіз мені! (Аяғына жығылады). Құлахмет оны иығынан ақырын көтеріп тұрғызады да, қолын жай ғана сілтейді.

ҚҰЛАХМЕТ. Барыңыз.

СМАҒҰЛ. Жо-жоқ, мен сізді мұндай халде қалдыра алмаймын, арым жетпейді!..

ҚҰЛАХМЕТ. Барыңыз, Сафураны қор қылмаңыз. Барыңыз (Смағұл шегіншектеп, жасқана басып шығып кетеді). Сапар, сен де бар. Шығарып сал. Аула сыртындағы шарбақ алды. Сафура чемоданда жағын таянып отыр. Смағұл үнсіз түрегеп тұр. Сапар келеді.

САФУРА. Шығарып салуға келдің бе?

САПАР. Иә.

САФУРА. Керегі жоқ, әуре болмай-ақ қой. Біз қастерлеп, шығарып салуға тұратын жандар емеспіз.

САПАР. Адам жауына да құрмет көрсетеді, ал сіздер жау емессіздер ғой.

САФУРА. Сен, тым болмаса, осы жолы келеке етуіңді қойсаң етті… Сорлы Құлахмет… (Жылайды). Сен… сен мені мазақ етпе. Мен… онсыз да тағдырдың тәлкегіне ұшыраған әйелмін. Ой, құдай-ай, маған арнаған сыбағаң көз жасы мен азап қана ма еді?!

САПАР. Сафура апай, жыламаңызшы, тұрыңыз. Жүре сөйлесейік.

САФУРА. Сөйлейтін ештеңе де қалған жоқ. (Смағұлға бұрылып). Сен әлі кетпегенсің бе? Жүре бер. Бірақ мені кінәлама. Қайтейін, қайта айналып келмейтін бес күн жалғанның қалған санаулы сәттерінде тәттінің де дәмін татайын, көрейін қызығын деп талпынып едім, бәрі бекер екен. Ой, ақымақ басым-ай десеңші!.. Сондағы тапқаным сен болдың-ау!.. Бар, жолыңнан қалма. Мен басқа поезбен кетермін.

СМАҒҰЛ. Ех, Сафура, Сафура, сен оның осындай жан екенін бұрын айтсаң ғой!.. Ол мүлде басқа жан… Ондайларды қастерлеу керек, алақанға сап аялау керек!

САФУРА. Сенің де ақылың түстен кейін кірген екен. Біреудің әйелін тартып алатын болған соң күйеуінің қандай халде қалатынын білмеп пе едің? Сен ақпын, адамдық арымды таза сақтап қалдым деп кетіп барасың ғой. «Қастерлеу керек, алақанға сап аялау керек!» Неге де болса, сен үшін тәуекел етемін деп жалбарынғаның қайда, бірге

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32