АЛЫСТАН КЕЛГЕН АНАНАС (Драма)

Ол бұрынғысынан да құлпырып кетіпті. Бірақ, екі көзінен жас сорғалап тұр. Ол мені көрмейді. Екі қолын, міне, былай етіп созып алып. «Құлахмет, қайдасың?» — деп айғайлайды. «Мен мұндамын, мұндамын», — деп оған ұмтылам. Ол маған сонда да бұрылып қарайтын емес. Мен оның қолынан ұстаймын. Ол сонда да ештеңе сезбей. «Құлахмет!» — деп айғайлаған бойы сыртқы есіктен шығып кетеді. Кенет!.. О, сұмдық-ай, оның қолындағы неке жүзік менің алақанымда қалып қойыпты. Бұл не, а?

САПАР. Імм… Менің әжем түнде түс жоруға болмайды деуші еді…

ҚҰЛАХМЕТ. Сонда да… Бір жолға айтшы… Бұл не? Менің Сафурам неге жылап жүр? Оның саусағындағы жүзік менің қолымда неге қалады? Ол мені неге көрмейді?

САПАР. Мұның бәрі де жақсылық қой…

ҚҰЛАХМЕТ. Солай дейсің, ә? Ал… Сафура келді ме?

САПАР (селт етіп). Сафура?

ҚҰЛАХМЕТ. Иә-иә? Ол келді ғой?

САПАР. Атай көрмеңіз! Ол келген болса, сізге жолықпай қалай кетеді?

ҚҰЛАХМЕТ. Жоқ, сен менен сыр жасыратынды шығарып жүрсің. Менің көзіме қарашы. Қарашы деймін. (Сапар чертежден басын көтермейді). Қарай алмайсың. Өйткені, ол келген! (Сапар шошынып оған қарайды). Айта қойшы, ол келмеген болса, сен суретті қайдан алдың?

САПАР. Қандай сурет?

ҚҰЛАХМЕТ. Нәзікеттің! Үнсіздік.

САПАР. Ә-ә… Иә-иә… Оны Сафура… хатпен жіберген… Мен оны ұмытып кетіппін ғой. Бар ойым, әйтеуір, сізді қуанту болған соң…

ҚҰЛАХМЕТ. Ол басқа ештеңе жазбап па?

САПАР. Жоқ… Суретті ғана салыпты.

ҚҰЛАХМЕТ. Өтірік! Жалған! Жалған! (Ол басқа бөлмеге жүгіріп кіріп шығады). Мынау не?

САПАР. Түсінсем бұйырмасын!..

ҚҰЛАХМЕТ. Бұл менің Сафурамның жүзігі! Әлгінде ас үйдегі шкафтың үстінен тауып алдым. Мен мұны… мен мұны Сафураға үйленген кезде әперген болатынмын. Бұл қайдан жүр? Қайдан? Сен неге үндемейсің? Сапар, сенің түрің неге өзгеріп бара жатыр? Бірдеңе десеңші, Сапар!

САПАР. Менің не деуім керек! Не айтамын сізге!

ҚҰЛАХМЕТ. Мына жүзік қайдан жүр деймін?!

САПАР (ашық сөзге көшіп). Құлахмет ағай! Сафура келген!

ҚҰЛАХМЕТ. Не-ме-не! (Оған жақындайды).

САПАР. Иә! Бағана ас үйден естілген әйел даусы ешқандайда менімен қызметтес әйел емес, Сафураның даусы болатын. Иә, иә! (Шегіншектеп). Сафура келген! Оны сізге айтуға батылым жетпеді. Сіздің періште жүрегіңіз шындықтың салмағына төзе алмайтындай көрінді. Сафураны мен… аэропортқа шығарып салып келдім.

ҚҰЛАХМЕТ. Солай де! Солай де! Сафура келген?! (Дірілдеп). Сен маған айтпағансың!.. Періште жүрегі жарылып кетер деп аяғансың. Жоқ! Ол кеткен жоқ! Оның менімен жолықпауы, менімен тілдеспеуі мүмкін емес. Сен мені тағы алдап тұрсың. Ол осында! Осында! Осында!.. Құлахмет желең киімімен сыртқа жүгіре шығып кетеді.

САПАР. Құлахмет ағай! Көйлекшең қайда бара жатырсыз, дала боран ғой. Тоқтаңыз, тоқтаңыз! Ол да сыртқа жүгіре шығады.

***

САПАР (жұртқа). Құлахмет ағай ауруханаға түсті. Мен оның артынан үзбей барып тұрдым. Кейде ол. «Қолың

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32