Үйленгенше даң-дұң өмір. Үйленген соң жиырма бір жасымда соғысқа аттандым. Одан кейін үй тірлігі. Әйелмен, баламен айрылысу. Мейлі, айрылыспай бақытты-ақ өмір сүре қойдым делік. Сонда өстіп, нөсердей төгіп-төгіп өте шыққаны ма? Адам жас кезде осыны неге ойламайды, күні ертең дүниеден ғайып болатынын неге түсінбейді. Сонда ол өмірді мүлде басқаша құрар еді ғой, мүлдем басқаша. Егер адам баласы өлім жайлы күніне бір ойланатын болса, өмір дегеннің қаншалықты қымбат екенін, оның екінші қайтып мәңгі, мәңгі-мәңгі оралмайтынын сезінер еді, сөйтіп, оны жас баладай алақанға сап аялар еді, бір-біріне жауыздық емес, жақсылық қана жасап, қонақтай сыйласып өтер еді. Әтте-ең, не керек, ақылды жаралған адам баласы бұл жайды өмірінің соңғы сағатында ғана ұғынады. Егер дәл осындай күйге түспей, жалғанды жалпағынан басып жүрген жан болсам, мен де бұлайша толғанбас па ем. Жо-жоқ, мен өмірді ойланып күңіреніп жатқаным жоқ, ештеме бітірмегеніме күйзеліп жатырмын. Тірлігімде бір адамды да қуанта алмай, үш мезгіл тамағымды ішіп қана ғұмыр кешетініме қынжыламын. «Ауырған соң ойшыл бопты ғой», — деп таңданып отырған шығарсың, оның рас, бәріміз басқа түскенде ғана баспақшылмыз.
САПАР. Құлахмет ағай, кешіріңіз, ештеме бітірмедім деуіңіз қалай? Соғыста болдыңыз, ел-жұртыңыздың болашағына бір қолыңызбен бүкіл денсаулығыңызды айырбастап қайттыңыз. Бір адам үшін бұл аз ба?
ҚҰЛАХМЕТ. Еһ, ол өткен күн ғой, және де жалпыға бірдей міндет. Мені қынжылтатын алдағы өмір, қалған өмір! Бар үмітім Нәзікет еді, ол да кетті… Дәрігер келеді.
ДӘРІГЕР. Науқаспен көп сөйлесуге болмайды. Оған тыныштық керек.
ҚҰЛАХМЕТ. Айтыңызшы, менің денемде бір сау мүше бар ма? ДӘРІГЕР. Оны неге сұрадыңыз?
ҚҰЛАХМЕТ. Бар ма, соны айтыңызшы. Мәселен, өкпе, бауыр деген сияқты.
ДӘРІГЕР. Неге болмасын, бар.
ҚҰЛАХМЕТ. Ендеше, сол сау мүшемді алып, менен гөрі пайдалырақ біреуге салуға болмай ма?
ДӘРІГЕР. Қалай? Сіз не деп жатырсыз?
ҚҰЛАХМЕТ. Менің сау мүшемді алып, өмірге менен гөрі пайдалырақ біреуге салуға болмай ма деймін? Менің адамға тигізген пайдам сол болар еді.
ДӘРІГЕР. Сізге… бұлай сөйлеуге болмайды. Тынышталыңыз, сәл тынышталыңыз… Күні ертең жазылсаңыз, сонда бекер болған екен деп өкінесіз.
ҚҰЛАХМЕТ. Өкініп қайтемін. Және мені алдағаныңызды қашан қоясыз? Немене, ем мен алдау егіз туған ба осы? Мен өз сырқатымның зардабын жақсы білемін, жазылуымның мүмкін еместігі де айқын.
ДӘРІГЕР. Ал, біз мүмкін еместі мүмкін етеміз.
ҚҰЛАХМЕТ. Солай деңіз! Ендеше, құдайдың қолында екенбіз деп жата береміз дағы… (Жарық сөнеді). Құлахметтің үйі. Үйде Сапар жалғыз. Ол бөлме ішінде әлденеге қатты толғанып, ерсілі-карсылы жүр. Ауық-ауық жазу столына жақындап, қолына қаламсабын алады да, қайта жүріп кетеді. Сахна ортасына кеп тоқтайды. Алыс түкпірден Сафураның бейнесі көрінеді. Ол бірте-бірте жақындап, қимыл-әрекеті анық байқалатын жерге кеп тоқтағанда,
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32