тұрған шығарсың. Жо-жоқ! Мен өмірге ешқашан да өкпелемеймін. Не деп өкпелемекпін? Ол маған ғұмыр берді, сөйле деп тіл берді, көр деп көз берді, ойла деп ақыл берді, сезін деп парасат берді. Мұның үстіне қосып. «Бақыт бер», — деп айтуға қалай ұятым барады? Бір адам үшін мұның бәрі тым көп емес пе? Сенің хатыңды алған түні таң атқанша көз ілмей шықтым. Құдайым-ау, (мырс етіп) сен не боп кеткенсің, бірді айтып, бірге көше беріпсің, бұрынғы ұстамдылығың, сабырлылығың қайда, әлде біз сияқты ол да тұс-тұсқа шашырап кетті ме? Сірә, маған хат жазғанда шарапханадан шығып жазған шығарсың. Осы сен, маған ғашық боп жүргеннен саумысың өзің? Рақмет саған. Жабырқап жүрген көңілімді алашадай бір сілкіп, езу тартқызғаның үшін рақмет! Бірақ, сен сүйе бер, ғашық бола бер. (Әрине, басқаларға). Дәл осы хатыңдағыдай албырт, дегбірсіз, сабырсыз махаббатпен сүй. Ғашықтық көзсіз болу керек. Бақытыңды табарсың, таппассың, оны кейін көрерсің. Есесіне сен шын ғашық болу дегеннің не екенін ұғынасың, соның өзі — бақыт. Сен менің қазір қандай халде жүргенімді түсінсең! Жұрт көзіне көрінуден қалдым. Бәрі мысқылдап, келеке етіп тұрғандай болады. Тіпті, өз үйіме де жек көрінішті боп біттім әбден. Көкірегімді ыза кернеп, кейде құлақ естіп, көз көрмеген бір қиянға қаңғып кеткім келеді. Сенен хат келгенде қуануымның бір себебі де осы болды. Жан досым, сырласым келгендей, хатыңды оқып отырып, жылап та жібердім. Өмір дегеннің өзі де кездейсоқ құралады екен-ау! Қарашы, осыдан екі-үш жыл бұрын ғой бір-бірімізді мүлде білмейтін жандар едік. Енді келіп мүлде жақын боп кеттік. Сенесің бе, менің ең жақын адамым — туысым да емес, бауырым да емес, сен ғана боп қалыпсың. Байғұс Құлахмет!.. Ол ауруханаға түсті де… Үй жетім қалған екен-ау! Сен шаңырақты өгейсітпегейсің. Құлахметтің денсаулығы нашарлап кетті дейсің бе? Байғұс-ай, әйтеуір… Мен бұдан әрі ештеңе жаза алатын емеспін. Қош, сау бол!.. Айтпақшы, сен «Смағұл қайтып соқпады ма?» — депсің. Ол келе қалса, соңынан еріп жүре береді ғой деймісің? Бірақ, мен оны да кінәламаймын, не деп кінәлаймын! Ол маған қызықты, мен қарсы болмадым. Ол ойындағысын орындап өз жөніне кете барды, мен қайғы жұтып қала бердім. Егер оған ықылас бідірмесем, бұлай болмас еді ғой. Тегі, мен өмір сүре алмайды екенмін. Құдай-ау, ес білгеннен бері «Енді бұлай етпеспін», — деп опынумен келемін. Адам баласы мың жасаса да үйренумен өтеді ғой деймін. Міне, енді келіп, сол ақымақтығыма, сол дәрменсіздігіме күйініп, бармағымды тістеп отырмын. Өз обалым өзіме!.. Хат күтем. Сафура». Көрініс тағы ауысады. Столға қайтадан Сапар отырып, Сафура хат оқып тұрады. САПАРДЫҢ
ДАУЫСЫ. «Құлахмет ағаның ауруханадан шыққанына бір жеті болды. Ол кісі үйге кіріп келгенде, жас бала
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32