АЛЫСТАН КЕЛГЕН АНАНАС (Драма)

ҚҰЛАХМЕТ. Әрине, әрине, келеді ол. Бұл менің жай айта салғаным ғой (Күліп). Жаман ойым ғой ол… Ол мені жақсы көреді. Тек, жай… зекіп қалады кейде. Бірақ оның ойында ешқашан арамдық болып көрген емес. Айтпақшы, мен бүгін Сафураға арнап бір сарафан сатып алдым. Өзі бар ғой, аппақ болғанда керемет, шағаланың қанатындай. Көрген кезде ол қандай қуанатын болады десеңші. Көргің келе ме?

САПАР. Әрине! Әкеле қойыңыз. Құлахмет түпкі бөлмеге барып, ізінше кайта шығады.

ҚҰЛАХМЕТ. Тура менің Сафурама арнап тіккен дерсің! (Сапар сарафанды колына алып көреді.)

САПАР. Тамаша екен.

ҚҰЛАХМЕТ. Сафура екеуміз қосылған кезде оның үстінде дәл осындай сарафан болатын.

САПАР. О, мынадай сарафан Сафураны періштедей құлпыртып жіберген шығар.

ҚҰЛАХМЕТ. Айтарың бар ма! Періште боп кетті ғой ол. Ақ сарафан оған керемет жарасады! Ертең барып, Нәзікетке киімдер аламын. «Папа, маған әдемі киімдер керек», — дегенде не айтпақпын, не демекпін оған… Тыңдашы! Біреу дүрсілдей ме? Әне, аяқ дыбысы естіледі. Құдай біледі, біздің үйге біреу келе жатыр. Аяқ басысы да әйелге тән сияқты. Баршы, көріп келші, Сапар.

САПАР. Құлахмет ағай… егер бізге туралап келген адам болса, өзі-ақ үйге кіреді ғой. Меніңше, олар түнде келуге тиіс емес…

ҚҰЛАХМЕТ. Қалай дедің? Келмейді дедің бе?

САПАР. Імм-м, жо-жоқ, Сафура апайды мен көптен білемін ғой, о кісі түнде жүруден қатты қорқады. Біз оны вокзалдан күтуге тиісті емеспіз бе?

ҚҰЛАХМЕТ (қолын сермеп). Түу, неткен ессіз едім. Қандай тауып айттың сен! Ол қорқақ болғанда бар ғой, тіпті, қатты жел тұрса да қорқады (Селкілдей күледі). Осыдан бірнеше жыл бұрын, екеуміз қала сыртында қыдырдық, сонда ымырт жабылғанша қыдырдық. Сафура нәзік әйел ғой. «Құлахмет, қайтайықшы», — дей береді. «Жоқ, асықпа», — деймін мен. «Мен қорқамын. Бұдан әрі қыдырмаймын», — деп ол отырып алады. Оның қасына мен де барып отырамын. Мен өзім табиғатты суреттей алмаймын ғой, әйтеуір сол күні аспан ашық, ауада айрықша бір жұпар иіс бар еді. Жер куә болсын, мен ондай жұпар иісті әлі кездестірген емеспін. Күн де біртүрлі алауланып батты. «Туу, Сафура, қандай сұлу!» — дейтінмін мен оның құлағына сыбырлағандай. О, менің Сафурам ол кезде періште еді ғой, тура періштенің өзі болатын. Иә, айтпақшы, сөйтіп отырғанымызда Сафураның дәл қарсы алдына тал басынан әлдененің сарт ете түскені. Жабайы мысық екен. Сондағы менің көгершінімнің қорыққанын көрсең, өле-өлгенше ұмытпас едің. «Құлахмет!» — деп маған былай асыла кетті. Міне, содан бері мен оның дүниедегі ең нәзік, ең қорқақ әйел екенін білгенмін. Жаңа сен дұрыс айттың. Менің Сафурам, сөз жоқ, түнде жүруден қорқады.

САПАР. Сіз әулиесіз… Сіз періштесіз, Құлахмет ағай!

* * *

Сол   көрініс. Сырттан Сапар кіреді. Қолында хат бар, ол қуанышты. Құлахмет тырнауышпен алма ағаштарының

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32