«Оралханды да, Құдайымды да ұмытқан жоқпын» – Дулат Исабеков Мұхтар Мағауинге жауап берді

«Оралханды да, Құдайымды да ұмытқан жоқпын» – Дулат Исабеков Мұхтар Мағауинге жауап берді

Қараша айында жазушы Дулат Исабеков«Мұхтар Мағауиннің бүкіл позициясы маған ұнамайды» деп Nege.kz порталына сұхбат берген болатын. Осыдан кейін жазушы Мұхтар Мағауин Дулат Исабековке:  «Оралханды да, Құдайыңды да ұмытқан екенсің», – деп жауап берді. Осы жауаптан кейін жазушы Дулат Исабеков Aikyn.kz редакцияға пікірін айтып, хат жолдады. Төменде жазушының хатын қаз-қалпында ұсынып отырмыз. *Ескерту! Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды.                                

 Жалғыз жалау желбіреп, 

Тұманды теңіз өрінде.

Жат жерде жүр не іздеп?

Несі бар туған жерінде?

М.Ю.Лермонтов

МҰХТАР   МАҒАУИНГЕ   ЖАУАП   Мағауиннің  хатын оқып шығып, жауап бергім келмеп еді. От басындағы әйелдердің қысыр әңгімелері сияқты хатқа жауап беріп жату артық сияқты көрініп еді. Бірақ, «Оралханды да, құдайыңды да ұмытқан екенсің» деген ғайбат сөзі намысымды келтірді. Ол екеуін  де ұмытқанымды қай қылығымнан көріп едің? Оралхан менің мәңгі есімде. Ол қайтыс болғанда бір жылға дейін өзімді жалғыз қалғандай сезініп жүрдім. Ол түсіме жиі кіреді. Жақсы киінген әп-әдемі қалпы. Сағынып, құшақтасып, көрісіп жатамыз. Сондай кезде бәйбішем (тірі кезінде) жеті шелпек пісіріп, Оралханның рухына арнап құран да оқып қоятынбыз. Ол туралы «Өмір деген ертегі» деген көлемді мақала да жаздым, 50 жылдығын елінде атап өтіп, мен баяндама жасадым. «Мемлекеттік сыйлықты біз болмасақ (Рымғали Нұрғалиев) осы уақытқа шейін ала алмас едің» депсің. Ол қандай сәуегейлік? Мемлекеттік сыйлық алу басты мақсат па еді? Осы комиссияға ұзақ жылдар бойы мен де мүше болдым. Кейбір талантты жазушыларға бір-екі дауыс жетпей тұрғанда, комиссия отырысында пікірімді ашық айтып, соның арқасында олардың кейбіреулері лауреат атанып еді. «Мен болмасам сен ешқашан мемлекеттік сыйлық ала-алмас едің» деп отыз жыл бойы міндет қыла беруім керек пе? «Баяғыда бір тостақ ұн беріп едім» деп бергенін айтып қоймайтын ауылдағы қазымыр кемпірлердей, отыз жылғы еселі  оқиғаны әлі ұмытпағаныңа таң қалам. Ал, комиссия отырысы кезінде кімді қолдап, кімге дауыс бергенім есімде жоқ. «Жалын» журналында редактор болып жүрген кезімде, орынбасарым Төлен Әбдіков айтып қоймаған соң бір нашар повесін қысқартып, өңдеп, әрең жариялап едім» депсің. Ол қай кез? «Жалын» журналында менің «Тіршілік» деген повесім ғана жарияланды. Тұманбай Молдағалиев редактор боп тұрған кезде. Басқа «Гауһар тас», «Дермене», «Үндемес» (кейін «Сүйекші») «Жұлдыз» журналында жарияланды. Бірде бір шығармамның бір сөзі өзгеріп көрген емес. «Қарғын» романын жол-жөнекей сәтсіз туынды деп іліп кетіпсің. Сол роман бүгінгі таңда төрт рет қайта басылды. Он мың таралыммен. Сол роман ағылшын тілінде

Pages: 1 2 3 4