Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы Дулат Исабеков кеше Елбасымен жүздесіп, Ақордада болып қайтты. Қаламгер мен Президент арасында қандай әңгіме болды? Аузы уәлі ағамыз мемлекет басшысымен не жайында сөйлесті? Осы сауалдар төңірегінде Abai.kz ақпараттық порталының тілшісі жазушымен шағын сұхбат жасады.
— Дулат аға, бұл, әрине, дәстүрлі сұрақ: Елбасымен араларыңызда қандай әңгіме болды?
— Президентпен кездесіп шыққан бетте менен телеарналардың журналистері шұғыл сұхбат алған болды. Бірақ олардың менің сөзімді үзіп-жұлып бергені ұнамады. Мен тележурналистерге кездесу барысындағы әңгімемізді толықтай айттым-ау деймін. Бірақ олар менің Лондонға шығармашылық сапармен баратынымды, осы сапарым жайлы Елбасын құлағдар еткенімді ғана көрермен қауымға жеткізді. Бұдан жұрт ойлауы мүмкін ғой, мына жазушылар тек өздерінің қара бастарының ғана қамын күйттейді екен деп.
— Сондықтан негізгі әңгімелеріңізді Abai.kz ақпараттық порталының оқырманына білдіре отырайық.
— Негізгі әңгіме Украинаның басындағы бүгінгі ахуал тұрғысынан өрбіді. Тілі туыс, діні бір, тарихи тамыры тереңге кеткен, тіпті бір-бірінен бөліп-жарып қарауға болмайтын Украина мен Ресейдің арасындағы бүгінгі шиеленіс мені қатты толғандырады дедім Президентке. Тарихта «Киев княздігі» деген болды. «Киев – орыстың анасы» депте айтылатын. Міне, осындай баяғыдан ілік-шатыс елдің арасы бүлініп жатқанда бізді де әртүрлі ойлар шырмауықша шырмайды екен. Шығысымыздағы елмен де, солтүстіктегі көршімізбен де дініміздің, діліміз бен тіліміздің үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Ал, еліміздің солтүстік облыстары болса, сол солтүстіктегі көршімізге қарап елеңдеп отыратыны белгілі. Бұлар да ертең референдумдатып шыға келмей ме? – дедім. Президент күліп: «Ағайынды екеуі ала көз болып қалса, оған біздің қатысымыз жоқ қой» деді. Сосын елдің тыныштығы мен мемлекетіміздің тұтастығын мәңгі сақтап қалудың қамы біздікі, жатпай-тұрмай алыс-жақынның бәрімен сөйлесіп отырмыз. Кімнің көкейінде қандай ой жүр, пиғылы қандай –соның бәрін қадағалап, бақылап отырмыз. Еліміздің Тәуелсіздігінің бір түйірін де жаттың қолына бермейміз. Мен неге «тыныштық-тыныштық» дей беремін. Тыныштықтың, сыйластықтың қадірін біздің халық айналада болып жатқан оқиғалар дүрмегіне қарап отырып пайымдап үлгерген шығар деп ойлаймын. Осы тыныштықтың арқасында аяққа әбден тұрып алуымыз керек. Шүкір, шекарамызды барлық тараптағы көршілерімізбен бекітіп алдық. Ішкі жалпы өніп жылдан жылға өсіп келеді. Табиғи ресурстарымыздың игілігін көріп бастадық» , — деді. Содан маған күле қарап қойып: «Дүке, — деп әңгімесін жалғастырды, — Дүке, мен елдің тілегін, ой арманын, мақсат мұратын жақсы білетін адаммын. Бірақ әр нәрсенің өз реті бар. Біреулер тіл мәселесін төтесінен қойғысы келеді. Біреулер тіпіті орыстілді телеарналарды жауап тастау керек деп жатыр. Ал, осының бәрін бір күнде қолға алайық та, іске асырайық. Сонда не болады? Ішіміздегі жұрт дауырықпайды, дау шығармады дей аламыз ба? Шығарады. Соның бәрін біліп, сезіп отырғандықтан таразы басын тең ұстауға мәжүбірміз». Әңгімесін
Pages: 1 2