Әпке

болады. Әй, ит өмір-ай! Айтпақшы, әлгі жігіт дұғай-дұғай сәлем айтты. Сені келмейді дегенде, мәселен, менің алдымнан Киркоров шыға келсе, қандай болам, сол сияқты сілейді де қалды.

Қамажай. Сол күйі тұр ма екен байғұс?

Көрші әйел. Күлме досқа…

Қамажай. Келер басқа демексің ғой.

Көрші әйел. Иә, келмегенде не қалды. Алла-ай, түр мынау, кеуде мынау, ерін мынау… Сенің орныңда мен болсам, үий, шіркін-ай. Өзің де қызықсың. Қаңтарылып тұрмады деп… Қашанғы тұрсын?

Қамажай. Күте алмаған адамның маған да керегі жоқ.

Көрші әйел. Құдай біледі, Қамажай. Тән қиналса, ой тозады. Сенікі сол… Шіркін, жігіттің сұлтаны ғой. Киркоров емес, сенікін айтам. Концерттен шыққан соң кафеге бардық. Әй, шампандаттық кеп. Қасымызда Алма болды.

Қамажай. Ә-ә, Алма бар екен ғой. Неге ерте қайттыңдар?

Көрші әйел. Ә-ә, қойшы. Сен болмағасын… А-а, мына чемоданың не? Бір жаққа жүргелі жатырсың ба? Қамажай. Омар жүретін еді, Мәскеуге. Диссертациясы жөнінде шақыртып жатқан көрінеді.

Көрші әйел. Ә-ә. Айтпақшы, сол інің, тіпті, көп созып кетті-ау. Тезірек бітірмей ме? Қамажай. Өз қалауы білсін. Менің міндетім – солардың қас-қабағына қарау. Бір білгендері бар шығар. Көрші әйел (сағатына қарап). Ойбүй, жарайды. Мен қайтайын. (Ол есікке беттей береді).

Қамажай (батылсыз). Айтпақшы… сенде…

Көрші әйел. Иә, айта бер.

Қамажай. Артық-ауыс ақша жоқ па?

Көрші әйел. Өткен жолы беріп едім ғой.

Қамажай. Иә, есімде ғой. Тағы қажет боп тұрғаны. Інім бес күнге жүріп бара жатыр. Ақшасының жол қаражатынан артылмайтын түрі бар.

Көрші әйел. Ол жағынан ұяттымын. Әлгі командір қақпас ақшаға қатал боп алды. Машина ауыстырам деп шапқылағанына біраз болды емес пе? Командировкасынан келе сап ақшаны дайындау керек деп отырған. Әлі мың доллардай жетпейді. Өзіміз қарыз сұрағалы отырмыз. Әйтпесе, сенен аямайтынымды білесің ғой.

Қамажай. Иә, иә… мейлі, жоқ болса, қинап қайтемін. Бірдеңе етіп барып қайтар.

Көрші әйел. Солай боп тұр. Ал, сәлют!

Қамажай (жай ғана). Салют…

Көрші әйел. Әй, концертке бармағаныңды айтсайшы (Әндетіп шығып кетеді). (Телефон шырылдайды).

Қамажай. Алло.

Қабен. Мен ғой. Саламатсың ба?

Қамажай. Ә-ә… Сен бе едің. Саламат па?

Қабен. Даусың сынық қой, ауырып тұрған жоқсың ба?

Қамажай. Жоқ. Үй тіршілігінен шаршағандық шығар.

Қабен. Өткен жолы неге келмедің?

Қамажай. Мен бе?.. Мен… келдім.

Қабен (күліп). Неге алдайсың? Мен екі сағат күттім ғой.

Қамажай. Мен келсем, сен ұзап кетіп қалыпсың.

Қабен. Шынымен бе? Шынымен, сен келдің бе?

Қамажай. Иә, мен барсам, сен жоқсың. Қамажай. Жоқ, сен жоқсың.

Қамажай. Сен жоқсың.

Қабен. Онда, мен бүгін дәл сол уақытта тағы келемін. Осы сөзің рас болса, шығамын деп уәде бер.

Қамажай. Иә.

Қабен. Қамажай. Не дейсің, тағы айтшы. Шынымен шығасың ба? Қайта айтшы деймін.

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26