Әпке

Бұған сіз қалай қарайсыз, қарындас?

Гауһар. Мен бейтаныс адамдардың алдында пікір айтпаймын.

Сұлтан. Бұл да өзінше жаңалық екен. Қалыс қалудың сәтті табыла кеткен түрі ғой.

Темірбек. Жолдастар, айтысты тоқтатуларыңды өтінемін.

Светлана. Жо-оқ, жалғастыра берсін. Мен үшін өте қызық. Меніңше, дастарқан басындағы адамдардың сөзінен-ақ бүтін бір қоғам мәдениетінің даму деңгейі көрінеді. Білімді жастардың айтысы да, тартысы да әлеуметтік биіктен басталуы керек. Обьективті және субьективті пікір дегенді мен күнде естіп, сол сөзді өзім қолданып жүрсем де, анығына жете алмаймын, Сұлтан, ол жөнінде сенің ойың қалай?

Сұлтан. Сен өз сұрағыңа өзің жауап беріп отырсың. Мен өз пікірімді айтсам, демек ол субьективті пікірім, ал көпшілікке ұнайтын ойымды айтсам, ол обьективті пікір.

Кәмила. Бұл – слишком арифметикалық жауап. Екіні екіге қосқанда төрт болады деген сияқты. Бұлай бастауыш мектептің оқушысына ғана түсіндіру керек. Айтпақшы, жақында бір бала мұғалімнің. «Екі алмаға үш өрікті қосқанда қанша болады?» — деген сұрағына ойланбастан. «Компот болады», — деп жауап беріпті. Мен сенің жауабыңа толық қанағаттана алмадым. Әлгі баланың жауабы сияқты жаңа мотивириовка жоқ. Сұлтан (гитарасын қағып-қағып жіберіп). Мен үшін бұл соншалық маңызды мәселе емес.

Кәмила. Неге? Біздің әрбір құбылысқа деген өз пікіріміз болуы керек. Онсыз адам болудан қаламыз. Өз пікірі, өз ойы болмаған адам алдына ешқашан мақсат қоя алмайды. Демек, ол өз бақыты үшін қалай күресуді, өз ғұмырын қалай құруды да білмейді. (Нәзила келіп, столға ыдыс-аяқтар қояды).

Сұлтан. Ал, сен сол «бақыт» дегеннің не екенін білемісің?

Кәмила. Оны да білем. Бақыт деген… бақыт деген мына сендер түсінетіндей ылғи сәттілік емес. Бақыт деген – азап.

Темірбек. Аза-ап?.. (Күледі). Кәмила. Иә, азап. Бірақ, ол бос сергелдең, күйбең тіршіліктің азабы емес, үлкен мақсатқа барар жолдағы азап. Шоқан, Абай, Махамбет… Қалай ойлайсыңдар, солардың бәрі рақат тұрмыс кешті дейсіңдер ме? Олардың бүкіл ғұмыры азаппен өтті. Азаттық үшін, ғылым үшін азап шекті. Міне, бақыт деген сол.

Сұлтан. Дұры-ыс. Олар артына өшпес із қалдырды. Ал, сен ше? Сен қандай із қалдырмақсың?

Кәмила. Мен ешқандай із қалдырмаймын.

Сұлтан. Құдайдың мұнысына да шүкір.

Кәмила. Иә, құдайға шүкір.

Сұлтан. Сондағы сенің айтпағың не? Жаңалық ашпайсың, диссертация қорғамайсың, демек азаптанбайсың. Сөйте тұрып, өз бақытым үшін күресе алам дейсің. Ол қандай бақыт, ол қандай күрес?

Кәмила. Ол — өз дегенімізше өмір сүру. Адам адам болып жаралғалы сол үшін күресіп келеді. Олар не үшін күресті, не үшін құрбан болды. сол күрес атаулыны – қарулысы бар, қарусызы бар – бәрін жиып-теріп келесі ұрпаққа қалдыру үшін ғана ма? Жо-жоқ. Сол күрестер мен жеңіс атаулының жемісі – мына, бізбіз. Алдыңғы ұрпақ соңғы ұрпақтың бақыты үшін мәңгі күресіп келді ғой, солардың тыныш ұйқысы үшін, 

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26