солардың бейбіт тіршілігі үшін, керек болса, солардың бейғам өмірі үшін де күресті ғой. Окоптан жазылған хаттар солай дейді. Оны осы отырған бәрің де білесіңдер. Сол бақытты ұрпақ мына біздерміз. Біз қалауымызша өмір сүруге тиіспіз.
Сұлтан. Тырнақтап жиғанды етектеп төгіп алмаймыз ба?
Кәмила. Төкпейміз.
Нәзила. Өмір көрсетер оны. Жалпы, жалынды сөйлеген адамнан күдіктенемін. Өйткені, олар көп ретте жалған айтады. Меніңше, бақыт деген – сөз бен істің бірлігі, демек жалған сөйлемеу. Біз дастарқан басында ғана ақылдымыз, дастарқан басында сұлу сөйлеуді әбден меңгергенбіз. Ал, өмірде сол айтқанымыздың бірде-біреуін орындай алмаймыз. Сөзіміз бен ісіміз алшақ. Бұл – бақыт емес, сор.
Светлана. Бұл сіздің өмірден түйген философияңыздан гөрі бізге деген күдігіңізге көбірек ұқсайтын сияқты. Кама дұрыс айтады. Әңгіме жаңалық ашуда емес. Менің арғы атам, 18-жылы ақтармен шайқаста қаза тауыпты. Баламның бақыты үшін депті. Баласы Отан соғысында Сталинград түбінде белгісіз төмпешік болды. Балаларымның бақыты үшін деп мерт бопты. Ал, менің өз әкем Ауған соғысынан оралмады. Енді… енді біз неге бақытты тұрмыс құрмаймыз? Бүтін бір үш ұрпақ ғұмырын қиғанда келмейтін ол не деген бақыт? (Осы кезде Қамажай тамақ әкеп столға қояды). Келіңдер, жолдастар, бәріміздің бақытымыз үшін бокалдар шарапқа толсын. — Ал, құйыңдар!
Сұлтан. Кәне, апай, қарындастар, сіздер де бокалдарыңызды толтырыңыздар (Құя бастайды).
Қамажай. Жо-жоқ, мен мұндайды аузыма алған емеспін. Болмайды, болмайды.
Светлана. Болады, болады. Осы уақытқа дейін аузыма алмадым дегенге өз басым сенбеймін. Қазір үйренбесеңіз, кейін кеш болады. Мына іні-қарындастарыңыздың бақыты үшін алмауыңыз күнә. Және бұл Феодосиядан шыққан дүние жүзіне әйгілі шарап. Бұл бүгін ғайыптан тайып қолымызға түсіп отыр. Оның үстіне мен сөйлеп тұрмын, кәне. (Қамажай бокалды аузына апарады). — Міне, міне, солай. — Тағы, тағы. — Аяғына дейін, бәрекелде-е.
Қамажай. Уфф.
Темірбек. Ал, енді ауыр артиллерияға сөз берейік. (Қолына коньякті алып, қарындастарына қарайды). Сен де қылғытып салғансың ба?
Нәзила. Ім-ім. Ауыр артиллерияңнан маған да құй. Қазір үйренбесем, кейін кеш болады.
Кама. Жоқ. Бұл қыздың тәртібінің маған ұнайтын түрі жоқ.
Нәзила. Қазіргі заманда жұрттың бәріне бірдей ұнай беру мүмкін емес.
Тимур. На-аз! Доғар енді!
Нәзила. Мен басы артық сөз айтып қойдым ба? Кешірім өтінем.
Светлана. Ал, жігіттер, қыздар! Мына тосты жігіттің сұлтаны Сұлтанның бақыты үшін алғым келеді. Бәрекелде. Түгел алыңдар. (Қамажай бәйек боп, бәріне тамақ сап беріп жатыр).
Қамажай. Алыңдар, алыңдар. Ұялмаңдар! (Кәмила Темірбектің иығына басын қояды).
Кәмила. С тобой так хорошо!
Қамажай. Сіңлім, шай іщі. Басың ауырып отыр ма?
Кәмила. Жо-жоқ. Я так хочу.
Темірбек. Котенок мой, маленкий! (Иығынан құшақтайды).
Нәзила. Ағамыз ақырында мысық алып тынатын болды.
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26