АРАЛДАҒЫ АДАМДАР

мәселелерінен мүлде бейхабарсыздар. Соңғы үш-төрт жылдың көлемінде Саттаров жолдас бірде-бір мәселені бізбен ақылдасып шешкен емес. Бұл қателігі оның кадр мәселесі төңірегінде бүтіндей біржақтылыққа апарып соқты. Басшы орындар мен жауапты участоктарға ол адамдарды іскерлік қабілетіне емес, туыстық, сыбайластық сипаттарына қарап тағайындады. Сын айта бастаған адамдар тез арада қызметтерінен айрылып, басқа аудандарға көшіп кетуге мәжбүр болды. Сөйтіп, ұзақ жылдар бойы қалыптасқан басты мамандардан біз жылдап емес, айлап айрыла бастадық. Соның салдарынан біздің шаруашылығымыз құлдырап, экономикамыз артта қалды. Бұл — біздің соңғы он жылда жіберген ең елеулі, сүйекке таңба болар кемшілігіміз. Сонан соң… сонан соң Саттаров жолдас жаңа көшіріп әкелген туыстарына колхоз басқармасының шешімінсіз- ақ кезексіз үй беріп, оларға сыйлық ақшалар жаздырып келді. Оның бәріне мысал келтіріп, сіздерді зеріктірмейін, бұл жөнінде нақты фактылар, адам аттары аудандық газетте жарияланған. Заңсыз берілген сыйлық ақшалардың жалпы сомасы — он төрт мың жеті жүз тоғыз сом. Саттаровтың бұл қылығы адал коммунистке тән дей алмаймыз. Ағайын-туыс бәрімізде бар, оларға бәріміздің де көмектескіміз келеді, бірақ оларға деген бауырмашылдықты мемлекет қалтасы арқылы білдірмеуіміз керек қой. Менің тағы бір келеңсіз жәйітті хабарлағым келіп тұр, жолдастар! Айтқым келмейді-ақ, бірақ, «таң атпайын десе де күн қоймайды» дегендей, менің де үнсіз қалуға амалым болмай тұр. Ол — Саттаров жолдастың суық қолдығы (залда қозғалыс). Ешкім қолынан қақпайтынына көзі жеткен соң ол мемлекет қаржысына да қол сұға бастады. Қызмет бабын пайдаланып, әртүрлі жолдармен еншілеген ақшасы он мың жеті жүз жиырма бір сом болып отыр. Бес мың сом ақша оның сейфінен табылды (залда таңданыс). Бұл — дәлелденгендері ғана. Ал, оның басқа кезендегі финанс тәртібін сақтау мәселесін арнайы орындар тексеріп жатыр. Қорыта келе менің айтарым, Саттаровтың партия қатарында бұдан былай қалуына моральдық правосы жоқ деп есептеймін. (Ол барып орнына отырады). Саттаров байыпты қалпын сақтап, сабырлы отыр.

ЖАНАЕВ. Келесі сөз егіс бригадасының бригадирі Елемесовке беріледі. Жолдастар, сөзге жазылыңыздар, сөзге! Кейін сөз тимей қалуы мүмкін. Елемесов ортаға шығады.

ЕЛЕМЕСОВ. Мен қайта құру кезеңінің қазіргі екпініне өте ризамын. Бәрі өзгерді. адамның жұмысқа деген жауапкершілігі күшейді, бастық пен бағыныштының арасындағы қарым-қатынас өзгерді. Бұрын қатардағы жұмысшы кім еді? Ол — қоғамдағы ең соңғы фигура болатын, егер оны фигура деп атасақ. Қазір ол колхоз бастығы ғана емес, министрлердің өзіне «сен» деп сөйлей алады, телефонмен тікелей байланысып, оған өзінің ой-пікірін жасқанбай айтатын дәрежеге ие боп отыр.

ЗАЛДАН ДАУЫС.

Ол қайбір жақсылық дейсің!.. Жанаев қаламсабын стаканға соғады.

ЕЛЕМЕСОВ. Иә, дәрежеге ие боп отыр. Бүгінгі жиналысты алайық. Біз өзіміздің жетпіс жылдық дамуымызда қашан осылайша шаруашылық басшысын ортаға отырғызып қойып, оның мәселесін қарап едік? Жоқ, ол түсімізге де кірмейтін.

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28