АРАЛДАҒЫ АДАМДАР

сөзіне бүтіндей қосыламын. Мен де ол кісінің жіберген қателіктеріне қынжыламын. Ол абдырап барып орнына жайғасады. Жанаев орнынан қайта көтеріледі.

ЖАНАЕВ. Енді кім сөйлейді? Қол көтерушілер бұрынғыдан көбейе түседі. — Сабыр, жолдастар, сабыр! Бәріңе бірден сөз бере алмаймыз, кезекпен сөйлейсіздер. Ол залдан әлдекімді іздеп аз ғана уақытқа мүдіріп қалады. Сырттан асығыс басып Омарова кіреді. — Жолдас Омарова, партжиналыс кезінде өз бетімен кіріп-шыға беруге болмайтынын білесіз ғой. Өзіңіз күні бойы сөз сұрап отырғансыз.

ЗАЛДАН БАСҚА ДАУЫС.

Ол қашан сөз сұрап еді? Залдан сөйлетеміз, залдан сөйлетеміз дейсіздер, бірақ, көңілдегі тізімнен бәрібір шыға алмай жатырсыздар. Мен сөйлеймін!

ЖАНЕВ. Сіздің алдыңызда бірнеше кісі бар. Сәл шыдай тұрыңыз. Сөз — тұрмыстық қызмет керсету комбинатының меңгерушісі Омарова жолдасқа беріледі. Ортаға Омарова шығады.

ОМАРОВА. (толқып) Жолдастар! Біз бүгін колхозымызда бұрын-соңды кездеспеген оқиғаның куәгері болып отырмыз. Куәгері ғана емес ол оқиғаның кейіпкерлеріне айналдық. Біздің бүгінгі жиналысымызға және оның нәтижесіне аудан ғана емес, облыс басшылары назар аударып отыр. Біз қандай шешім қабылдаймыз – әділдік дәрежесі сонымен анықталмақ. Ал, әділ шешім деген не? Ол тек Саттаровты жазалау ма? Жоқ жолдастар, кемшілікті батыл айту, кемшілік жіберген адамды батыл айыптау. Бұрынғы председательдің жұмысында кемшілік болды ма? Болды. Қылмыс болды ма? Ашығын айту керек, ол да бар. Демек, Саттаров жолдас ол қателіктерін мойындап, шындығын айтқан біздерге ренжімеу керек. Қазір заман басқа, адалдық, тазалық, деген ұғымдар да жаңа мағынаға ие бола бастады. Мен Саттаров жолдасты жақсы білемін. Мені осында шақырып, қазір мен басқарып отырған комбинатқа жай қызметке шақырды. Бірнеше жылдан бері осы комбинаттың бастығымын және совхоз партбюросының мүшесімін. Сондықтан, мәселенің ашығын айтамын. Саттаровтың жақсы жақтары болды ма? Әрине, болды. Ол бәріміздің тілімізді таба білді, бәрімізден жұмысты талап ете білді. Соның арқасында колхоз облыстағы ең соңғы орындардың бірінен озаттар қатарына қосылды. Екі рет облыстық ауыспалы Қызыл туын жеңіп алдық. Бірақ, партия бізден тек шаруашылықты ғана талап ете ме? Жоқ, бүгінгі коммунист, бүгінгі басшы адамға тән барлық игі қасиеттерді бойына сіңіре білуі керек. Моральдық, рухани, саяси, экономикалық жағынан бүгінгі талапқа сай келмей жатса, ол басшы қазіргі заманға лайық емес деп білем. Мен Саттаров жолдастың басқа қырларына тоқталмаймын, ол жайлы басқа жолдастар айтты, тек бір жағына, моральдық жағына тоқталғым келеді. Бұл жағынан келгенде, Саттаров жолдас бізге үлгі бола алмайтын қасиет танытты. Осында, біздің колхоз кеңсесінде техникамен жұмыс істейтін әйелді біреулеріңіз біліп, біреулеріңіз білмеулеріңіз мүмкін. Мәселе онда емес, мәселе сол әйелдің, Бике Васильевна Егорованың біздің бұрынғы председательмен ашына болғанын жұрттың бәрі біле бермес. Саттаров жолдас жап-жақсы, сүттей ұйып отырған біреудің семьясын бұзып, ол әйелге бұрынғы күйеуін тастатты да, осында кеп өзі жайғасқаннан кейін оны көшіріп алып,

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28