АРАЛДАҒЫ АДАМДАР

өзіне секретарша етті. Жоғары білімі бола тұрса да Егерова бұл жүмысқа оңай келісе кетті. Неге? Бас қатыратын не бар, ашынаның колхоз председателі боп тұрса, аш қалмасын ол да жақсы түсінген. Сөйтіп, Саттаров Егоровамен заңсыз тұрып келген. Кейде үйлеріне қайтпай кабинетте түнеп жүргендерін мен талай рет өз көзіммен көргенмін (залда таңданыс). Айтуар Сариевич оны еркелетіп «Мадам Баттерфляй» деп атайды. «Чио-чио-сан» операсындағы бас кейіпкер мен біздің техничканың арасында қандай байланыс барын бір құдайдың өзі білсін! (кекесін күлкі). Саттаров жұмыстан арыз беріп босанды. Өз еркімен кетті. Бірақ, шын мәнінде ол өз еркімен кетті ме? Мен айтар едім — жоқ! Ол бір тықырдың таянғанын күні бұрын сезді. Арыз беріп кетпек болу да алдын ала ойластырылған айла. Өз еркімен кету арқылы ол бәрін жылы жауып кете қоймақ болды. Бірақ, одан түк шықпағанын өздеріңіз көріп отырсыздар. Көптің көзі қырағы, заң құрығы ұзын. Ең бір қызықты оқиға Саттаров кеткен соң екі күннен кейін болды. Оның столынан көш құлаш махаббат хаттары табылды. Олар – міне! (ол бір буда қағаздарды көрсетеді). Өлеңмен, қара сөзбен жазылған сезім жырлары. (Қағаздарды сумкасына қайта салады). Қолға түсіп қалудан қорқып, хаттың кімге арналғаны көрсетілмеген. Жай мазмұнына қарағанда біздің Айтуар Сариевич бір ғана Егеровамен шектеліп жүрмесе керек. Керек адам бұл ғашықтық дастандарымен, кез-келген уақытта менен алып танысуына болады. Бұларды орайы келген тұсты күтіп, ешкімге көрсетпей әдейі сақтап келдім. Сөз соңында айтарым — Саттаров жолдасты партия қатарынан шығарып, ісін сотқа тапсыру керек. Омарова орнына отырады. Сөзге сұранушылар көбейіп, залда шу молая түседі. Малдыбаев тағы шығып кетеді.

ЗАЛДАН ДАУЫС.

Малдыбаев жылпыңдап неге шыға береді? Тәртіп қайда?

ЖАНАЕВ. Малдыбаев жұмыс бабымен шығып жүр. Оған көңіл аудармаңыздар. Солай келісілген.

ЗАЛДАН ДАУЬІС. (Тұрмабай). Жолдас председатель, маған сөз беруіңізді сұраймын.

ЖАНАЕВ. Кім ол «маған?» «Мағанның» аты-жөні бар ма?

ТҰРМАБАЙ. Бар. Бар болғанда қандай!

ЖАНАЕВ. Қоя тұр ойланайын, мұнда екі жылдан бері сөзге жазылғандар тұр. Келесі сөз… Малдыбаев кіреді. Есік көзінде тұрып «болды» дегендей қолымен белгі береді. Кереев директорға, директор Жанаевқа сыбырлайды. Тұрмабай бәрібір ортаға жақындай береді.

ЖАНАЕВ. – Жолдстар! Арамызда ауданнан келген қонақ бар, кешеден бері жол ұрып, шаршап отыр. Жиырма минут үзіліс! (Тұрмабайға) Сіз… Сіз…

ТҰРМАБАЙ. Менің фамилиям Есенов.

ЖАНАЕВ. Есенов?!

ТҰРМАБАЙ. Иә! Есенов!

ЖАНАЕВ. Сіз… сіз… Есімде жоқ… Оны неге айтып тұрсыз? Жұрт үзіліске шыға бастайды. Олар бір-біріне қарап тұрып қалады.

II  А К Т

Колхоз председателінің кабинеті. Кабинетте Кереев, Байжанов, Жанаев және Малдыбаев. Малдыбаев телефон құлағында отыр, қалғандары кабинет ішінде арлы-берлі жүр.

МАЛДЫБАЕВ. Алло! Алло! Сәламатсыз ба? Сәламатсыз ба, деймін! Сәламатсыз ба? Жо-оқ, сәлематсыз ба, деймін! Қап! 

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28