кетуге мәжбүр еткен әрекетіміз енді әшкереленбейді деп ойлайсыз ба?
БАЙЖАНОВ. Жоқ, әрине.
КЕРЕЕВ. Енді не істемек ойыңыз бар?
БАЙЖАНОВ. Бәлкім, қателікті дер кезінде мойындаған да дұрыс шығар…
КЕРЕЕВ. Бұл қателік емес, қылмыс.
БАЙЖАНОВ. Қылмысты да мойындай білу – адалдықтың белгісі.
КЕРЕЕВ. Одан не ұтасың?
БАЙЖАНОВ. Жазаң жеңілденбес, бірақ, арыңның алдында таза екеніңді іштей ұғасың. Ұтатының сол. Ол да оңай шаруа емес шығар-ау…
КЕРЕЕВ. Енді былай шықтым де. Түсінікті. Бірақ, қақпан менен гөрі саған жақынырақ, сол есіңде болсын. Мен енді ара түспеуім де мүмкін. Осы кезге шейін аз қолдаған жоқпын…
БАЙЖАНОВ. Мұның бәрін мені есіркегендіктен жасап келмеген боларсыз… (пауза) Сонан соң… қақпанға мен түссем… (олар бір-біріне қарайды). Сондықтан, ақтық деміңіз қалғанша мені қолдайсыз деп сенем, сізде басқа жол да жоқ. О-о, жол жоқ болғанда қандай!.. Сіз екеуміз туннельмен көп жүріп тастағанбыз (мырс етіп). Ол туннельде жалғыз мен ғана емес, басқа директорлардың да даусы естіліп қалған секілді еді…
КЕРЕЕВ (өзімен-өзі сөйлескендей). Иә-иә!.. Төбемізден қауырсындай салмақ түссе қақ бөліне салатын әлжуаз жаралған адам байғұс-ай, десеңші!..
БАЙЖАНОВ. Ойыма түссе бұл сөзді сізден бұрынырақ айтқан болар едім.
КЕРЕЕВ (әлі сол ойлы қалпында). Адам боп жаралған соң өзің ғана білуге тиісті ішкі сырың болмай тұрмайды, жақыным ғой деп біреуге айта қалсаң көзді ашып-жұмғанша жауырныңнан жебе боп қадалғалы тұрғанын көресің. «Сенбе досқа тұрса да көзге мақтап» деп Абай айтады, «Қыз жау деген осы деп, қос қолымен көбікті, жұлып отыр сақалды» деп «Қобыланды» жыры айтады, «қойныңдағы әйеліңе сенбе» деп халық мақалы айтады. Сонда кім қалды, кімге сенеміз? Ешкімге сенбей қалай тірлік етеміз? Қалай? Япырмау, ұры екеш ұры да, қарақшы екеш қарақшы да бір-біріне сеніп барып тіршілік етпей ме?
БАЙЖАНОВ. Пессимизмге салына бермеңіз. Әлсіздікті бастаған өзіңіз, енді кеп тұңғиыққа батып бара жатырсыз. Сөйте тұрып, «арашаға түспеймін» деп мені қорқытасыз.
КЕРЕЕВ. Шындығын айтсам, осы талқылау да сіздің айтуыңызбен ұйымдасып отырған шаруа. Осыған әу баста көнбейін-ақ деп едім… Кереев Байжановқа жақындайды. Оның иығынан ұстап сілкілейді. — Қой, Байжанов! Еңсеңді көтер! Бізге әлі ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Мың жерден қайта құру болса да барлық жерінде Адам істейді, адам! Ал адам бар жерде әлсіздік бар. Біз сол әлсіздікті тап басып таба білуіміз керек. (күліп) Ұқтың ба? Байжанов зорлана жымиған болады. — Ал, кеттік жиналысқа. Не болса да біз өз қорытындымызды тезірек шығарып қоюымыз керек. Сонан соң ол шешімді қайта бұзу да оңайға соға қоймас!
* * *
Колхоз клубы. Жиналыс қызу өтіп жатыр. Жанаев жиналысты басқарып тұр. Президиумда Тұрсынов пен Талипова.
ЖАНАЕВ. Жолдастар! Сын мен өзара сын деген, менімше, жеткілікті айтылып жатыр. Сіздерге
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28