АРАЛДАҒЫ АДАМДАР

көнбей тұрған кезімде осы кісі қасымызға машинамен кеп тоқтады. «Жігіт, бері келші», — деді. Келдім. «Әнді жақсы айтады екенсің, біздің ауылда той бар, соған барып қайтуға қалайсың?» деді. Мен айттым, «Есенов деген досым бар, ала кетейік» дедім. «Оны қайтесің, өзің жүр» деді. Жүрдік те кеттік. Той деген соң іздегенге сұраған, қуанып келем. Бір кезде «түс» деді, мен түстім. Жан-жағыма қарасам той түгілі сайтан да жоқ. «Той осында өте ме?» дедім. «Сәл шыдай тұр, — деді ол. Алдымен мен кеңсеге кіріп, бір қағаздарымды алып шығайын» деді. Мен машинада қалдым. Сәлден соң ол қайта шықты да, қолыма ораулы қағаз ұстатты. «Қап, есімнен шығып кетіпті, сен барып анау шам жанып тұрған кабинеттің сейфіне мынаны апарып сал да тез қайтып келе қойшы» деді. Мен солай істедім де, қайтып келдім. Енді тойға баратын шығармыз десем, ол кісі. «Сен ішіп апсың, ұят болатын түрі бар, оның есесіне сыбағаңды өзім берейін», деп қолыма жүз сом ұстатты. Біреу жүз сом беріп тұрғанда тойды қайтем, шу деп баяғы досымның үйіне тарттым. Осыдан төрт күн бұрын үйде жатыр едім, әрине, денім сау, екі милиция кіріп келді де «пәленшеев сізсіз бе?» — деді. «Иә» дедім. «Сіз кеше қалалық автовокзалда мас боп төбелесіпсіз» деп дедектетіп алды да кетті. Содан жатырмын. Кеше жолдасым кеп бүгінгі болатын жиналысты айтқанда, бұл оқиғалардың терең мәніне сонда барып түсіндім. Саттаровтың сейфінен табылған ақшаның сыры осы. Мен соны айту үшін келдім. Жұрт гуілдей бастайды.

ЖАНАЕВ. Жаса! Жаса! Қайдағы бір ешқашан айықпайтын ежелгі маскүнемнің сөзіне құлақ аспаңдар! Бұл Саттаровтың әдейі жіберіп отырған жансызы, әйтпесе мен бұл жігітті танымаймын да, ешқашан көрген де емеспін! Оның үстіне қалаған адам кеп сөйлей беретін бұл ашық сот емес, партия жиналысы ғой, жолдастар! (қалшылдап). Қайда әлгі біздің участковый? Шақырыңдар, алып кетсін мынандай қаңғыбасты!

БЕЙТАНЫС. Мен қаңғыбас емеспін, мен қазір қаладағы депоның жұмыскерімін! Сиренаның даусы естіледі. — (Күліп) Әне, өзім телеграмма беріп шақырған қожайындарым да кеп қалды. Залға екі милиция кіріп келеді. — Мен мұндамын, мұндамын. Трибуна жақта тұрмын. Милициялар оның қолына шап береді. — Менің қолымды неге қайырасыздар? Қашып (қиналып)… Қашып кеткім келсе хабар… (ах) хабар бермес едім ғой. Өзім… өзім-ақ жүрем. «Аса қауіпті қылмыскерді қашып бара жатқан жерінен ұстап әкелдім» деп мақтанбақсың-ау!.. (Есіктен шығып бара жатып Жанаевқа). Бастық жолдас, тойға баруға тағы да уақытым болмай барады. Кешірерсіз. Көп ұзамай біздің ауылда да той боп қалар. Бірақ, қызып келмеңіз, сау болыңыз! Оны алып шығып кетеді. Сирена. КЕРЕЕВ. Жолдас Жанаев, қаулыны оқыңыз! Тез!

ЖАНАЕВ (өзіне-өзі келе алмай). Жолдастар! Бүгінгі жиналысымызды күтпеген оқиғалар ұзаққа созып жіберді.

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28