АРАЛДАҒЫ АДАМДАР

Осымен жарыссөз бітті. Енді жиналыс қаулысының жобасын оқу үшін! Малдыбаев кіріп келеді. Жанаев мүдіріп қалады. Малдыбаев Кереевке асығыс жақындайды. Бұдан әрі не істерін білмей Жанаев ыңғайсыз жағдайда тұрып қалады.

МАЛДЫБАЕВ. Сізді аудан шақыртып жатыр. Тез жетсін деді.

КЕРЕЕВ. Кім айтты?

МАЛДЫБАЕВ. Бірінші хатшының қабылдау бөлмесінен. Кешке мәжіліс бар көрінеді.

КЕРЕЕВ. Біріншінің өзі бола ма екен?

МАЛДЫБАЕВ. Ол жағын білмедім.

БАЙЖАНОВ. Хатшының кім екенін сұрамадың ба?

МАЛДЫБАЕВ. Батылым бармады.

ЖАНАЕВ (әлі де не істерін білмей)…. Қаулының жобасын оқу үшін… Оқу үшін…

КЕРЕЕВ. (өзгелерге есіттірмей). Жанаев жолдас. (Жанаев оған еңкейеді), қаулының жобасын оқуды кейінге қалдыра тұрыңыз.

ЖАНАЕВ (ол да сыбырлап). Кейін болғанда қашанға?

КЕРЕЕВ. Бәлкім кешке, бәлкім ертең. Төтенше жағдай деп хабарлаңыз. Уақытын қосымша айтамыз. Жанаев бойын тіктеп, «тынышталыңдар» дегендей залға қарап қолын көтереді.

ЖАНАЕВ. Жолдастар!.. Сәл сабыр етіңіздер! Біздің бүгінгі жиналысымызды ойдағыдай аяқтауға кейбір төтенше жағдайлардың кесір келтіріп жатқанын өздеріңіз көріп отырсыздар. Дәл біздің мәжілісіміз болатын күнге көптеген оқиғалар тап келіп жатыр. Малдыбаев жолдас қазір ғана ауданмен сөйлесіп келді. Біз білмейтін күтпеген жағдайға байланысты қаулының жобасын оқуды (Кереевке қарап қойып)…. ертеңге дейін қалдыра тұрсақ па деген ұсыныс жасалынып отыр.

ДАУЫС. Сонда не, бір тәулікке үзіліс жариялаймыз ба? — Байжанов пен Кереев неге сөйлемейді? Біз солардың пікірін білгіміз келеді!

ЖАНАЕВ. Ол кісілер жиналыс соңында сөйлеу керек еді, көріп отырсыздар, төтенше жағдай тап болды. Саттаровтан бір дерек шықпайынша жиналысты жалғастырудың орны жоқ. (Кереев «тез» дегендей белгі береді). Сонымен, жиналыс бүгінгі жұмысын аяқтады. Ертеңге дейін үзіліс! Уақытын қосымша хабарлаймыз! Жұрт гу-гу боп тараса бастағанда дәл президиум отырған сахнаның екі жағындағы кино қондырғының дыбыс аппараты «ғыж» ете түседі де «тыңдаңыздар!» деген дауыс естіледі. Зал да, президиум да тұрған-тұрған жерлерінде қатып қалады.

РЕПРОДУКТОР. Саттаровтың пленкаға жазып алынған хатын тыңдаңыздар.

ЖАНАЕВ. Бұл не сұмдық! (жоғары қарап). Ей, киномеханик! Құрт мынаның көзін! Ол шыдай алмай орындық қойып, тесіктен сығалайды. — Өшір деймін тез, есітіп тұрсың ба? Ешкім жауап бермеген соң ол қайта түседі. — Адам жоқ, қап-қараңғы. Ішінде сайтан отырмаса кім болмақ? (Малдыбаевқа) Бар, біліп келіңдерші!

САТТАРОВ. Бүгін — төтенше оқиғалар күні, аяғына шейін болмады, бізді сыйламады деп мені айыптап жатқандарыңызды жақсы білем. Ол үшін бәріңіздің алдыңызда мың мәртебе бас иіп кешірім сұраймын. Бәрі де түсінікті болған соң аяғына шейін несіне отырам. Демек, мен өмір бойы қателесіп келген екем, мынауың дұрыс емес деп айтатын бір досым болмапты. Дос, пікірлес деп сенген адамдарым келесі бір талқыға түскенге шейін екен. Өміріне ауадай қажетті жақсы адамдарды жаныма жинай алмаған екенмін, оларды қалай және қайдан іздерсің. Менің бар айыбым — адамзат тарихында

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28