Залдан отыз-отыз бестердегі жігіт қол көтереді.
ЖАНАЕВ. (көтерілген көп қолдан сол жігітті тез көре қойып) Ә-ә, иә. (Малдыбаев орнынан тұрады. Тұрған бетте жаттап алғандай сарнап қоя береді).
МАЛДЫБАЕВ. Президиумға бес адам сайлансын деп ұсыныс жасаймын. Олар мына төмендегілер…
ЖАНАЕВ. Малдыбаев, тоқтай тұрыңыз. Әуелі адам санын келісіп алайық. (Жұртқа). Бес адам сайлансын деген ұсыныс бар? Кім «за»? Бәрі қол көтереді. — Бұл ешқандай уақыт алмай, тез-тез өтуі тиіс. Қарсы? Қалыс? Жоқ. Бес адам. Келісейік. Қане, кімдерді ұсынасыз?
МАЛДЫБАЕВ. Аудандық партия комитетінің секретары Кереев, колхоз председателі Байжанов, озат механизатор Тұрсынов, әдебиет пәнінің мұғалімі Талипова және сіз. Залда күлкі пайда болды.
ЖАНАЕВ. Жолдас Малдыбаев, менің фамилиям бар шығар?
МАЛДЫБАЕВ. Иә… Кешіріңіздер, Жанаев.
ЖАНАЕВ. Сонымен Кереев, Байжанов, Тұрсынов, Талипова, Жанаев. Осы аталған жолдастар президиумға сайлансын дегендеріңіз қол көтерулеріңізді сұраймын. Бәрі қол көтереді. — Бір дауыстан. Қарсы? Қалыс? Жоқ! Сонымен, аты аталған жолдастардың президиумнан орын алуларын сұраймын. Атаған кісілер президиумға көтеріледі. Талипова қағаз-қаламсабын алып, протокол жазуға бірден кірісіп кетеді. — Жолдастар! Енді күн тәртібін белгілеп алайық. Қаралатын мәселе — біреу. Ол — колхозымыздың бұрынғы председателі, коммунист Айтуар Саттаровтың жеке мәселесі. Күн тәртібі жөнінде кімде қандай ұсыныс бар? Осы күн тәртібі бекітілсін дегендеріңіз қол көтерулеріңізді сұраймын. Бәр қол көтереді. — Қарсы? Қалыс? Жоқ! Сонымен, күн тәртібі белгіленді. Ол орнына отырады.
БАЙЖАНОВ. Қаралатын мәселе бойынша сөз колхоз партия ұйымының секретары Жанаев жолдасқа беріледі. Жанаев трибунаға, яғни, ортаға шығады.
ЖАНАЕВ. Жолдастар! Бүгінгі жиналыс бұрынғы жиналыстардан мүлде бөлек. Бүгін мына трибунаға кім шығып сөйлеймін десе де ерікті. Біреудің аузына біреу сөз салмайды. Кім не айтам десе де өзі біледі. Бұрынғыдай асқақ сөзге, мерекелік көңіл күйге, орынсыз дәріптеуге, жетістіктерді тізе беруге жол жоқ. Бұл біздің партиямыздың 27 съезінің және 1976 жылғы июль пленумдары алға қойып отырған нақты әділ нұсқаулар. Бұрынғыдай ұзақ сонар кіріспе сөздер мен жайдақ топшылаулардың да қажетсіз екенін өмір көрсетіп отыр. Қазіргі қайта құру кезеңі бізден, коммунистер мен партияда жоқ совет азаматтарынан осындай нақтылық пен іскерлікті талап ететіні баршаңызға аян. Өмірдің осы талабына сәйкес мен де дәстүрлі баяндамадан бас тартуды жөн көрдім. Күн тәртібі бекітілді, оны бекіткен өздеріңіз. Баяндама жасасам кейбір сәттерде жағдайдың төрешісіне айналып кетуім де мүмкін, сондықтан, барлық билік өз қолдарыңызға беріледі. Сіздер не дейсіздер, сіздер қалай шешесіздер, бәрі де солай болады. Бірақ, бір нәрсені естеріңізге қатты сала кетуді парызым деп санаймын, ол – әділдік. Ешнәрседен жасқанбай, тартынбай, ойларыңызды бүкпесіз ортаға салыңыздар. Саттаров сіздердің араларыңызда сегіз жыл қызмет істеді. Осы сегіз жылдан бері ол туралы не білдіңіздер, қандай қорытындыға келдіңіздер, не ойлайсыздар, міне, соны айтыңыздар. Аудандық партия комитеті бізден ащы да болса ашық айтылған,
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28