АРАЛДАҒЫ АДАМДАР

бірақ әділ айтылған батыл сөз күтеді. Қане жолдастар, кім сөйлейді? (пауза). Жиналысты күтіп, құлшынып жүргендер көп сияқты еді ғой, ал, айтыңыздар енді. Қане, кім шығады ортаға? Жұрт тып-тыныш. – Жолдастар үнсіз отыра беретін бізде уақыт жоқ. Астық ору науқанының жақындап келе жатқанын жақсы білесіздер. Жұмыс деген шаш-етектен. Тездетіңіздер, қане… Бізге екі-ақ сағат уақыт берілген.

ЗАЛДАН ДАУЫС. Екі сағатта адам тағдырын қалай шешпекпіз.

ЖАНАЕВ. Адам тағдыры қас қағым сәтте шешілерін білмейсіз бе, ақсақал. Басқа айтарыңыз бар ма?

ТАЙМАН. (орнынан тұрып). Ау, сонда не айтамыз, не айт деп тұрсыңдар? Саттаровтың сегіз жыл еткен еңбегін айту керек емес пе? Оның қай жағын айтамыз, жаман жағын ба, жақсы жағын ба?

ЖАНАЕВ. (иығын қозғап). Жолдастар, сіздер кейде табан астынан түк білмейтін саяси сауатсыз бола қаласыздар. Осы жиналыстың хабары бір ай бұрын шықты емес пе? Саттаров жолдас (оған қарап қойып, тамағын кенейді) екі жыл бұрын орнынан алынған. Қызмет бабында қандай қателіктер жібергенін өздеріңіз білесіздер. Және, жақсы білесіздер деп ойлаймын, өйткені, ол жөнінде аудандық, облыстық, республикалық, тіпті, орталық газеттер де аз жазған жоқ. Бұл кісінің арқасында (мырс етіп) біздің «Жиделі» колхозы дүниеге белгілі болып отыр. Бұралқы реплика тастамай ортаға шығып жөндеп сөйлеңіздер. Залдың арт жағынан дауыс. Саттаровтың өзі келді ме?

ЖАНАЕВ. (зекіп) Не айтып тұрмын бағанадан бері! Өзіңіз қайда қарап отырсыз? (Саттаровқа). Орныңыздан тұрып, жұртқа бой көрсетіп қойыңызшы. Саттаров орнынан тұрады. Жұрт қайта гуілдесе бастайды.

САТТАРОВ. Саламатсыздар ма?

КӨПШІЛІК. Сәлематсыз ба? — Жүзі сынық қой өзінің! — Көзін бақырайтып қойып бастықты талқылау деген қайдан шыққан пәле өзі!.. Не болса да көзге көрсетпей жазалай бермей ме!..

ЖАНАЕВ. Жолдастар, тынышталыңыздар! Тынышталыңыздар! (Саттаровқа қарап). Отырыңыз! (Саттаров отырады). Кереев, Жанаев жолдас, партия жиналысын анархияға айналдырмай жөндеп жүргізіңіз!

ЖАНАЕВ. Сөз… председательдің орынбасары Орманов жолдасқа беріледі. (Ортаға Орманов шығады. Жұрт сілтідей тынған).

ОРМАНОВ. Мен сіздердің уақыттарыңызды алмас үшін, әрі, жайылып кетпес үшін жазып алғанымды оқып берейін (қалтасынан қағазын алады). Мен Айтуар Саттаровты (оған қарап, сәлемдескендей бас изеп қояды) осы колхозга келген күннен бері білемін. Яғни, ол кісінің мұнда қызмет істемеген екі жылын қоспасақ, оны білгеніме сегіз жыл болады екен. Осы сегіз жыл не берді? Сегіз жыл бойы иықтасып қызмет істегенде оны бір сөзбен қандай адам деп бағалауға болады? (Даусын күшейте түсіп). Егер шындығын айтсам адал коммунистің сөзін айтсам. Саттаров — социалистік қоғамға жат мінездің адамы. (залда қозғалыс).

ЖАНАЕВ. Жолдастар, тыныштық, тыныштық сақтаңыздар!

ОРМАНОВ. Жергілікті баспасөз беттерінде біздің колхозға айтылып жатқан сын-ескертпелердің бәрі орынды және соның бәріне Саттаров жолдасты кінәлі деп білемін. Сіздер, әрине, колхоздың ұйымдастыру

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28