КІШКЕНТАЙ АУЫЛ

сіздің осы «мейірбан» мінезіңіздің арқасы. Сол «мейірбандығыңыздың? «рақатын» көріп, колхоздың ірі қара малын топ-тобымен әр үйге қыстатып шығу үшін бөліп беріп отырмыз. Ертең сол малдарды қайта жинағанда жартысы жоқ боп шықса, қайтесіз? Жетім балалар мен жесір әйелдерді шырылдатып сотқа береміз бе?

КӘКІМБЕК. Кетті ме?

АРДАҚ. Жоқ. (Қылтиған бас қайта жасырынады).

ОРМАНТАЙ. Жоғалмас. Өздеріне қандай міндет жүктеліп отырғанын халық түсінеді ғой…

АРДАҚ. Әй, Ореке-ай. Сіз бейбітшіліктің адамысыз. Бейбітшілік кезінде де поликлиниканың лабораториясында қызмет істейтін адамсыз. Соның өзінде анализ алу бөлімінде ғана. Ормантайдың қолы дірілдеп, өзін-өзі ұстай алмай кетеді. Ардақ тым қатты кеткенін ұғып, пеш үстінде тұрған шәугімнен су құйып әкеп береді. Ормантай кеседегі суды шашыратып әрең дегенде бір-екі ұрттайды.

ОРМАНТАЙ. Қиындықты көп көрген адам өзгенің жанын түсінгіш келеді (Суды тағы ұрттайды). Уф… Мен қиындықты көп көрдім. Дұрысын айтсам, қиындықтан басқа еш нәрсе көргенім де жоқ. Жер бетінде тек қаталдық қана бар екен деп өстім… Мен… жастайымнан жетім қалдым. Күн ұзақ нәр татпай, кешкілік аш жаттым, таңертең оянғанда ішер асымның жоқ екенін де біліп жаттым. Мені ешкім адам екен деп елеген жоқ. Және, мені адам екен деп ешкімнің елемеуі де заңды сияқты боп көрінетін. Шешем ерте қайтыс бопты… Әкем осы ауылға көшіп келген күні ертесіне сүзектен көз жұмған. Біз үйелмелі-сүйелмелі үш бала едік. Ең үлкені мен — сегізде болатынмын. Өліп бара жатып әкемнің кемсеңдеп үнсіз жылағаны әлі көз алдымда. Сол кездерді ойласам, мен әлі күнге дейін көзіме жас алам. Жас алғанда балалық шағымның қиындығын еске алып емес, жас балалардың қамын ойлап, о дүниеге жаны жылап аттанып бара жатқан әкемнің сол кездегі халіне жаным ашып жылаймын. Өзің ойлап көрші. бөтен ауыл, үйсіз-күйсіз шашылып қалған жас балалар, ертеңі не болары белгісіз бұлыңғыр болашақ, аласапыран заман. Майданға аттанып бара жатқан кезімде менің де артымда ауру әйелім мен төрт балам қалды. Өліп бара жатқан әкемнің жан-дүниесін мен сол сәтте жете түсіндім. Ал, сен болсаң мені қатал емессің деп кінәлайсың. Менің қатал болуға қақым жоқ. (Судан тағы ұрттайды).

АРДАҚ. Кешіріңіз, Ор-еке… Су керек пе? (Ормантай басын шайқайды). Ашу алқымнан алғанда сіздің денсаулығыңыз бен жасыңызды ұмытып кетеміз. Әйтсе де делқұлыға бола қырғиқабақ боп жүргеніміз өкінішті-ақ (Ормантай Ардаққа қарайды). Жарайды, қойдым… (Пешке көмір салады). Сонда да болса айтайын, сіздің демалғаныңыз жөн болар еді. Соғыс контузиясы бар, жастайыңыздан жоқшылық пен бейнетті көп көргенсіз…

ОРМАНТАЙ (жұлып алғандай). Жоқ. Олай деуге қалай дәтің барады? Майдан даласынан «Жеңіс» деген хабар келмейінше жан тыныштығын ойлауға қақым жоқ. Жалғыз мен ғана емес, ешкімнің де. Қырық бес. Алпыс төрт пен Қырық бес (Ардақ оған таңдана қарайды). Сол қырық бестен

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26