КІШКЕНТАЙ АУЫЛ

жүре беріңіз.

ӨКІЛ. Мен сенің барлық тілегіңді орындайтын едім ғой. Осыдан барған соң колхоз тізгінін өзіңе әпермекпін.

АРДАҚ (ашуланып). Керегі жоқ. Мен тізгін үшін таласпаймын. Таласа қалсам да өзім күресемін. Сау болыңыз.

ӨКІЛ (тонын киіп жатып). Япыр-ай, әлгі жындысүрей күзетшілеріңнен қалай өтер екенмін?

АРДАҚ. Өкіл екеніңізді түсіндіріп айтарсыз?

ӨКІЛ. Қолында мылтығы бар дедіңіз, ә?..

АРДАҚ. Иә, мылтығы бар, қос ауыз…

ӨКІЛ. Осында жата кетсем қайтеді? Күн шыққан соң кетермін.

АРДАҚ. Жоқ. Таң атқанда үйден шығып бара жатқаныңыз жарамас.

ӨКІЛ (шыға беріп). Енді қашан келейін?

АРДАҚ. Айттым ғой, келмей-ақ қойыңыз.

ӨКІЛ. Сау бол, ендеше.

АРДАҚ. Сау бол. Өкіл шығып кетеді.

ЕКІНШІ БӨЛІМ

Пункттегі қарбалас жұмыс. Дәу қанарды екі адам қолдасып, кіші қанарды әйелдер мен балалардьщ өздері-ақ көтеріп, сыртқа алып шығып жатыр. Балалардың ішінде Мүтән да бар.

ХАДИША. Әй, Мүтән, тым ауыр қанарды көтермей-ақ қой, сынған қолың әлі жазылып кеткен жоқ.

МҮТӘН. Ештеңе етпейді, ауырып тұрған жоқ, апа.

ОРМАНТАЙ. Бүгін ертемен от жаққан соң сарай іші жылып қапты, ә?

АРДАҚ. Ореке, шөп тасуға да төрт-бес адам бөлмесек, үйді-үйді тұрған ірі қара малдардың көтерем болатын түрі бар.

ОРМАНТАЙ. Ей, балалар, балалар, төртеуің мұнда келіңдер. Оның алдына төрт бала келеді. Баяғы «соғыс» ойынын ойнаған балалар. — Сендер қолдарыңа айыр алып, шөп тасуға жөнеліңдер. Ескі қораның жанында ат пен шана бар. Колхоз сиыры тұрған әр үйге екі құшақтан шөп түсіріңдер. Түсінікті ме?

БАЛАЛАР. Түсінікті.

ПЕРИЗАТ. Мен бар ғой, Ардақ апай. Түсімде көкемді тағы көрдім. Ол келгелі жатыр екен деймін. «Мамаң ауырып қапты ғой. Қамықпа. Жақында барамын. Ініңді жалғызсыратпа. Мен барғанша шыдай тұр. Жылама, өлең айт» дейді. Сізге не болды? Сіз неге сұрланып кеттіңіз?

АРДАҚ. Жай.. . ештеңе де. Мен екі күн бойы көз шырымын алған жоқпын. Басым айналып кетті (Өзін-өзі тез қолға алып). Ей, қу тезек пен су тезек. Қайда жүрсіңдер? (От жағып жүрген Мәнсия мен Шәмсия дауыстайды).

МӘНСИЯ. Не болды, бастық қатын-ау, біз мұндамыз.

АРДАҚ. Өлең айтыңдар.

МӘНСИЯ. Не дейсің?

АРДАҚ. Немене құлақтарың керең боп қалды ма? Өлең айтыңдар деймін. Бастаңдар.

МӘНСИЯ, ШӘМСИЯ (өлең бастайды). «Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді…»

АРДАҚ. Тоқтат. Қайдағы қайғылы өлеңді тауып алдыңдар. Көтеріңкі, көңілді өлең айтыңдар.

МӘНСИЯ. Біз көңілді өлең білмейміз.

АРДАҚ. Онда… (Шалға қарап). Ақсақал, сіз бірдеңе дерсіз?

КӘКІМБЕК (ортаға шығып). «Автомобиль, трактор, Бұрандасын бұрап тұр. Қыз күйеуге кетем деп, Үй артында жылап тұр. Ей, ей, Медетбек, Ой, ой, Медетбек. Ерте бастан неге айтпадың, Маған қатын керек деп. Әуелеп ұшар дуадақ, Ұстар ма едің қуалап? Он сегізде қыз болса, Жүрер ме

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26