едің құшақтап. Ей, ей, Медетбек, Ой, ой, Медетбек. Ерте бастан неге айтпадың, Маған қатын керек деп».
ДАУЫСТАР. Ой, жарайсың, шалым!
КЕМПІР. Он сегіздегі қызды қайтпекші-ей, мына қақбас, а? Жұрт күлкіге батады. Осы кезде кіре беріс есіктегі жұртты қаға-маға, үсті-басына қырау қатқан Демесін кіріп келеді. Жұрт сілтідей тына қалады. Әркім қолына түскен нәрсемен бетін көлегейлеп, бір-бірінің артына тығыла түскен.
ОРМАНТАЙ. Бұл не? Не боп қалды тағы?
АРДАҚ. Ойпырмай, жау жағадан алғанда, бөрі етектен дегендей, сіз де осы біреуді есіртіп қойдыңыз әйтеуір.
ДЕМЕСІН. Алып кіріңдер (Шөпке кеткен төрт бала бір-біріне тізбектеп байланған төрт адамды ішке алып кіреді. Ен соңғысы — зәресі кеткен өкіл). Бастық жолдас. Міне, пәшистер. Тұтқын пәшистер.
ДАУЫСТАР. Неғыл дейді, құдай-ау. Тұтқын пәшистері несі? Ойбай-ау, пәшис деп тұрғанының біреуі түнде ғана бізді құттықтаған өкіл емес пе? — Масқара-ай, масқара-ай.
ОРМАНТАЙ. Енді бізге жетпей тұрғаны — өкілді тұтқындау еді (Демесінге). Босат мына кісіні.
ДЕМЕСІН. Жоқ, босатпаймын. Ол түнде неге жүреді? Ормантай ештеңе өндіре алмасын біліп, сабырға көшеді. Әуелі алдында тізіліп тұрған үшеуді түгел қарап шығады.
ОРМАНТАЙ. Мына үшеуі кім, неғып жүрген адамдар?
ДЕМЕСІН. Олар да пәшист. Үшеуін сиыр ұрлап бара жатқан жерінен ұстап алдым. Сиырлары есік алдында тұр. Бұрын да ұрлапты. «Атам» деген соң бәрін айтып берді.
ОРМАНТАЙ. А-а, солай де.
ХАДИША. Менің сиырым, менің сиырым. Осыдан бір жеті бұрын ұрланған менің сиырым. Ах, оңбаған кәззаптар. Жұрт жанын қиып, қанын төгіп жүр, ал бұлар бала-шағаның күн көріп отырған жалғыз сиырын ұрлайды. Жібер, жіберіңдер, жұлып өлтірейін. Сендерді де еркек дейді-ау, өй, өлімтіктер. Тфу, қара беттер өңшең.
ОРМАНТАЙ. Халайық. Сабыр етіңдер, сабыр етідер. Хадиша, жетер енді. Бұл ұрылар тиісті жазасын алады (Демесінге). Ал, батыр, мына кісіні неге ұстадың?
ДЕМЕСІН. «Астыңдағы атты қайдан алдың?» десем, айтпайды. «Не әкеңнің құны бар?» — дейді. Мен жұмыстағы адаммын, ол неге жөнін айтпайды?
ОРМАНТАЙ. Ол бізге ауданнан келген өкіл. Ұят болады. Қолын шеш. Бәрінің аузына тығылатын мақтаны алыңдар. Балалар бұйрықты орындамақ боп оларға жақындай бергенде, Демесін дүрсе қоя береді.
ДЕМЕСІН. Аулақ. Өзім босатамын. Ол Өкілдің қолын шешіп, аузындағы мақтаны алады. Өкіл тәлтіректеп келіп пешке сүйеніп, ұялғанынан жеңімен бетін басады. Сонан соң басын көтеріп, әуелі Ормантайға, Ардаққа, жиылған жұртқа қарайды.
ӨКІЛ. Мені осылай масқараладыңдар ма? Тұра тұрыңдар, бәлем, бұл үшін сазайларыңды тартарсыңдар әлі. Мені мазақ қылдыңдар ғой, мені ойыншық санадыңдар ғой.
ОРМАНТАЙ. Әй, Демесін-ай. Не істегеніңді білесің бе, сен? Аудан алдында бізді ұятқа қалдырдың ғой.
ӨКІЛ. Жо-оқ, бұл тек ұяттың ісі емес, жазаның ісі, жазаның. Мені осылай қорлағаны үшін мына тұрған нақұрыстарыңды милициямен жындыханаға айдатамын. Ал, сендерді — колхоз
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26