КІШКЕНТАЙ АУЫЛ

бастығы мен ауылдық совет бастығы… Ендігі ісім сендермен болсын…

ХАДИША. Ойбай-ау, бұл кісі кеше түнде кетіп қалмап па еді, таңға шейін қайда жүрген?

АРДАҚ. Менің үйімде (Жұрт таңданысып қалады). Иә, менің үйімде.

ДАУЫСТАР. Не дейді? Сонда екеуі бірге болған ба?

АРДАҚ. Иә, бірге болғанбыз. Өкіл жолдас өкпелеп кеткен. Бізге кіжініп тұрғаны да сондықтан шығар. Барған жеріңізде осыны айтуды да ұмытпассыз, өкіл жолдас.

ӨКІЛ. Сау болыңдар, өңкей жындының ауылы. Өкіл шығып кетеді.

ӘЙЕЛ ДАУЫСТАРЫ.

ШӘМСИЯ. Өкілді өкпелетіп жіберген Ардақтың да дәті берік екен.

МӘНСИЯ. Соны айтсаңшы. Құдай біледі, осы Ардақ бар ғой, әйел киімін киіп жүрген еркек.

ШӘМСИЯ. Қойшы әрі, қайдағыны айтпай. Еркек болса біздің мырзаға бір түннен соң-ақ қашып шықпас па еді, әскерге кеткенше бірге тұрды ғой.

МӘНСИЯ. Қайдам, әйтеуір, сол жағын ойлағанда түкке түсінбей басым қатады (Әйелдер сыбырласып, сылқылдай күліседі).

ОРМАНТАЙ (Ардақтың жанына келіп). Жақсы айттың, Ардақ… Өкіл жолдастың арыны бәсеңсіп қалған сияқты.

АРДАҚ. Иә… Ал (ұрыларды нұсқап), мыналарды не істейміз?

ОРМАНТАЙ (Демесінге). Ұрылардың аузындағы мақтасын әлі алмағансың ба?

ДЕМЕСІН. Алынбайды.

ОРМАНТАЙ. Неге?

ДЕМЕСІН. Қатып қалған.

ОРМАНТАЙ (күліп). Жібіген шығар, алып таста, сөйлесейік. (Демесін ұрылардың аузындағы мақтаны алып тастайды. Ауыздары босаған беттен ұрылар тізерлеп отыра кетіп, жамырап зарлай жөнеледі).

ҮШЕУІ. Жаздық, жаңылдық. Бізді бір сайтан азғырды, енді бұл маңнан жүрсек аяғымыз сынсын.

ОРМАНТАЙ. Немене? Біртіндеп сөйлесеңдерші, түк түсінсем бұйырмасын.

ҮШЕУІ. Жаздық, жаңылдық. Бізді бір сайтан азғырды, енді бұл маңнан жүрсек сынсын…

ОРМАНТАЙ. Ә-ә, солай ма? Бұл маңнан жүрмейсіңдер ме?

ҮШЕУІ. Иә, жүрмейміз.

ОРМАНТАЙ. Жүрсеңдер, аяқтарың сынады.

ҮШЕУІ. Тап солай, отағасы.

ОРМАНТАЙ. Демек, бұл маңнан емес, басқа маңнан жүрмексіндер ғой, ә?

ҮШЕУІ. Жоқ, жүрмейміз, отағасы.

ОРМАНТАЙ. Ей, біреуің сөйлеңдерші, жамырап кеттіңдер ғой (біріншісін нұсқап). Қане, сен айтшы.

БІРІНШІСІ. Еш маңнан жүрмейміз, отағасы.

ОРМАНТАЙ. Дұрыс… Еш маңнан жүрмейсіңдер (Кенет ызаланып). Сендердің жер бетінде жүруге қақыларың жоқ.

ДЕМЕСІН. Дұрыс. Дұрыс айтасың, бастық (Мылтығын иығынан алып). Атып тастайын ба? Үш ұры Ормантайдың аяғын құшады.

БІРІНШІСІ. Құтқара гөр, құтқара гөр мына тажалдан, отағасы. Қанша ұрлық жасап жүріп, мынадай сұмдыққа кезіккен жоқ едік, қайдан тапқансыңдар мұндай пәлені. Құтқара гөріңіз. Барлық тапқан-таянғанымыз шыбын жанымыздың садақасы болсын, бәрін сіздерге әкеп берейік. Құтқара көріңіз. Құтқара гөріңіз, отағасы.

АРДАҚ. Шындарыңды түгел айтсаңдар, құтқарамыз.

ҮШЕУІ. Айтамыз, айтамыз.

АРДАҚ. Біздің колхоздан қанша сиыр ұрладыңдар?

БІРІНШІСІ. Жалпы алғанда ма, әлде бір жылдың ішінде ме?

АРДАҚ. Ой, көксоққан. Жалпы алғанда?

БІРІНШІСІ. Тоғыз сиыр.

ЕКІНШІСІ. Жоқ, он төрт…

ҮШІНШІСІ. Олар өтірік айтады, он бес сиыр, отыз қой, алты тауық.

АРДАҚ. Бар шындарың осы ма? Қосып-аларларың жоқ қой?

ҮШІНШІСІ. Жоқ, жоқ. Манадан бері Бірінші ұрының аяғына тесіле қарап тұрған

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26