КІШКЕНТАЙ АУЫЛ

Келесі кім деймін? Тез. Тез. Кеуделеріңде жандарың барма, болсаңдаршы.

ДАУЫСТАР. Мына қатын бізді қуырып жей ме, қайтеді-ей? — Өзінің күйеуі аман, баласы тоқ, жұрттың қайғысын қайтсін? — Оның үстіне ізін суытпай ауданнан өкіл кеп тұрады… Ардақ аз-кем үнсіз, ойланып тұрып қалады.

АРДАҚ. Кім оны айтқан? (Жұрт үндемейді). Әлгі сөзді айтқан қайсың? Үндемейсіңдер. Қорқасыңдар, ә? Мен сендердің бастарыңды алмаймын. Түсіне білсеңдер… мен өз баламнан гөрі сендерді көбірек ойлаймын…

ДАУЬІС (кекесінмен). Иә, жүдә, қатты ойлап жүрген шығарсың. Ой, оңбаған қаныпезер! Әйелдер Ардақты жығып салып жұлқылай бастайды. Ормантай келіп Ардақты сүйемелдеп тұрғызады. Жұрт жым-жырт. Ардақ ортаға келеді.

АРДАҚ (жалт қарап). Аяғының астынан әрідегіні көрмейтін байғұстар. Мен сендердің көздеріңе құбыжық боп көрініп жүр екенмін ғой. Сендердің ойларыңша, жер бетінде менен асқан қара жүрек, тасбауыр әйел жоқ, солай ма? Солай ғой. Әрине, солай… «Ізін суытпай өкіл кеп тұрады», — дейсіңдер. Сол өкілді өкпелетіп жібергенімді өткен жолы көздерің көріп еді ғой, неге күңкіл сөзге құмар боласыңдар? Егер күйеуге тиіп, ер қызығын көргім келсе, баяғыда-ақ басқа күйеуге шығып кетпес пе едім? (Дірілдеп). Бірақ… бірақ… бір өкіл емес, он өкіл келсе де мен… мен оларды күйеуімнің тырнағына теңгермеймін. Мен оның аруағын қорламаймын, артында қалған жалғыз баласын жат біреуге жаутаңдатпаймын. Ол — менің аналық борышым. Сол борышымды өтеп барып, өз жарымның аруағының алдында адал боп көз жұмам.

ДАУЬІСТАР. Мынау не деп кетті-ей? — Аруағы несі-ей айтып тұрған? Есі дұрыс па?

АРДАҚ. Иә, есім дұрыс (Көзінің жасын жасыра алмай). Міне, көріңдер (Ол сумкасынан тілдей қағаз алып көпшілікке қарай лақтырып жібереді. Қағаз қалықтап барып жерге қонғанда, Дәмеш барып оны көтеріп алады да, сасқалақтап тұрып қалады). Оқы. Дауыстап оқы.

ПЕРИЗАТ (оқиды). «Құрметті Ардақ Лепесовна. Сіздің жарыңыз, гвардия лейтенанты Лепесов Асқар, 1943 жылдың 14 июлі күні Сталинград түбіндегі шайқаста ерлікпен қаза тапты…» (Перизаттың қолы дірілдеп, қағаз жерге түсіп кетеді. Ол Ардақты құшақтап жылайды).

ДАУЫСТАР. Япыр-ай, күйеуінің қазасын осы уақытқа шейін жасырып келген қандай дәті берік әйел еді. — Байғұстың барлық қайғысы ішінде жатыр екен ғой.

ХАДИША (жылап). Ашу үстінде тілім тиіп кетіпті, Ардақ. Ашынған адам не айтпайды, кешір.

АРДАҚ. Менің қайғым сендердің қайғыларыңнан артық емес (Хадишаға). Сенің күйеуіңнің қаза болғанын естіген күні де жұмыс істегенбіз. Ал, мал тапсыруды жалғастыра беріңдер. Келесі кім? (Пауза). Келесі кім деймін? Жарық сөнеді.

* * *

Демесіннің үйі. Үй іші жұпыны да қара көлеңке. Бір бұрышта аласа ағаш төсек, тозығы жеткен, аса қажетті ыдыс-аяқтар ғана көрінеді. Кіре беріс бұрышта пеш жанып тұр. Демесін оқ жасап

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26