жатыр. Пеш үстіндегі қалайы кружкадағы еріген қорғасынды ол алдын ала дайындап қойған балшық қалыптың жіңішке тесіктеріне құяды да, аздан соң сындырып, ішінен жылтыраған қорғасындарды алады. Оны тақтайға қойып, балғамен ұрып, пышақпен кесе бастайды. Кесілген қорғасындарды табаға салып, екінші табамен оны айналдыруға, яғни оқты домалақтауға кіріседі. Домалақтанған оқты пеш түбінде тұрған дорбаға салмақ боп, оның аузын ашады. Салмас бұрын күбірлеп оқты санайды, оның даусы бірде естіліп, бірде естілмейді.
ДЕМЕСІН. Бір, екі, үш, төрт… он… он төрт… он сегіз… жиырма… жиырма төрт… отыз үш… отыз тоғыз… қырық екі… қырық бес… қырық сегіз… елу төрт… елу тоғыз… алпыс бес… жетпіс екі… жетпіс сегіз… сексен бес… тоқсан алты… жүз он бес… жүз жиырма… Жүз жиырма оқ. Жүз жиырма… Дорбадағы оқ — он жеті мың жеті жүз… Мұнда жүз жиырма. Он жеті мың жеті жүз және жүз жиырма (Саусағын басып санауға кіріседі). Он жеті мың жеті жүзге жүз жиырманы қосқанда… он сегіз мың… Жо-жоқ… жеті жүзге жиырма… (Ол бұл сандарды бір-біріне қоса алмай көп әуреге түседі). Жарайды, ертең біреуге қостырып алармын (Дорбадағы оқтарды алақанына салып, қуана күледі). Пәшист біткен көп болса он мың, әрі кетсе он бес мың шығар. Ал, менде он жеті мың оқ бар, он жеті мың. Бәрін жайратып салуға жетеді, тіпті артылып қалғалы тұр. Ал, қалғанын не істеймін? Оны құр бекер аспанға атуға болмайды ғой. Ә-ә, таптым, таптым. Мен оны сақтап қоямын. Пәшистерді қырып болған соң, оларға дорбамды көтеріп айғай салам, «Ей, оңбаған пәшистер, мына дорбаны көрдіңдер ме? Мынаның ішінде сендер тамсанып соратын кәмпит жатқан жоқ, мұның ішінде сендердің жандарыңды жәннатқа жіберетін оқ жатыр. Енді бастарыңды көтеретін болсаңдар, жақсылық күтпеңдер, біріңді қалдырмастан жайратып саламын», — деп ішіндегі оқты салдырлатсам, бәлем, өздері де кірген інінен қайтып шықпайтын шығар. Күн батып барады екен, жиналайын. Он жеті мың жеті жүз, оған қосу керек жүз жиырма…
* * *
Ол бір-екі аттап сыртқа шыққан болады. Осы кезде қолдарында қапшықтары бар екі әйел өтіп бара жатады. Демесін оларды көріп, алдарынан жүгіріп шығады. Екі әйелдің екеуі де шыңғырып жіберіп, отындарын тастай қашады.
ДЕМЕСІН. Ей, тоқта. Тоқта. Мен сендерге тимеймін. Тоқта. Демесін оларды қуып жетіп алады. Екі әйелдің екеуі де қолға түскен көжектей бір-біріне тығылып, дір-дір етеді. Демесін кеп біреуінің қолынан ұстайды.
МӘНСИЯ. Ойбай, жолама.
ДЕМЕСІН. Қайда барасыңдар?
ШӘМСИЯ. Отын… отын іздеп барамыз. Пунктке жағуға…
ДЕМЕСІН. Он жеті мың жеті жүзге жүз жиырманы қосқанда қанша болады?
МӘНСИЯ. Білмейм…
ДЕМЕСІН. Неге білмейсің? Айт қазір. Қанша болады?
МӘНСИЯ. Садағаң кетейін, білмеймін.
ДЕМЕСІН. Білесің. Ойлан…
МӘНСИЯ. Ойлана алмаймын (Қасындағы әйелге).Мынаның өлтіретін түрі бар ғой, сен бірдеңе десеңші.
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26